Ғажайыпқа сенейік...

Ғажайыпқа сенейік...
жеке
блог

Бір күні танертең оянсаңыз терезеден “Avengers” деген үлкен әріптермен жазылған ғимарат алыстан көрінеді екен. Немесе жаңалыктарды қосып қалсаңыз “Америка Капитаны 70 жылдан кейін ұйқысынан оянды…” деп айтып жатқан дикторды көресіз.

Бұл ғажап емес пе ? Әлде қорқасыз ба ? Аспаннан Тордың балтасы найзағай жарқылдатып  жатса, жап-жасыл Халк байқамай үйіңізді қиратып алса, әрине бұл шынайы болса қорқасыз, үрейленесіз. Бірақ, бір жағынан сәл сондай бір  ғажайыпқа сенгіміз келеді. Бізді қорғай алатын суперсолдат немесе күші шынымен тасып тұрған батырлар болса өміріміз сәл қызықрақ болмас па?

Егер сондай сезімді кешкіңіз келсе  фильмдерді үзбей көріңіз. Себебі ғажайыптарға сеніп жүрсек, өміріміздің түсі түрлі  болады. Әдемі өмір сүруді үйренеміз. Қиялға сенгендерде көңіл-күй көтеріңкі болатын сияқты. Бұл менің ойым. Сіздің ойыңыз қандай екен, жаза отырыңыз?..