Франция баспасөзі қалай пайда болды?

Әр елдің мемлекет болып қалыптасу тарихында, халық пен биліктің арасындағы байланыстың дамуында, ақпараттық баспасөздің алар орны ерекше. Ақпараттық баспасөздің әлем елдерінде дамуыда үлкен жаңалыққа айналды.

Ақпаратық журналистиканың бастауы болған елдердің бірі де бірегейі Франция мемлекеті. 1470 жылы Франциядағы алғашқы баспаханалар ашылып, өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады. Ал бұл елде газет шығару iсі XVII ғасырда пайда болып, 1604 жылы алғашқы газет «Газет франсуаз» жарық көрген болатын. Артынша 1611 жылы «Француз меркурийі» газеті жарық көрді. Әлемдегі ең алғашқы журналда осы Францияда дүниеге келген. «Журнал де саван» деген атпен 1665 жылы алғашқы саны жарық көрді. Олардың ішіндегі ең танымалы және беделдісі «Уэст-Франс» газеті. Таралым саны 797 мың данаға дейін жеткен. Балаларға арналған «Пиф» журналы да өз заманында танымалдылығы артып, жарияланған комикстер тұрақты оқырмандарын тапты. Сонымен қатар Франция баспасөз тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде «Спектатэр франсэ» 1722 жылы деген атпен шықты.

1629 жылы король Людовик ХIII цензура туралы заң шығаруы баспасөздің дамуына тежеу болды. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз ештеңе басылмайтын еді. Дінге, корольге тіпті мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына қатаң тыйым салынды. 1660-1756 жылдар аралығында «Баспасөздегі қылмысты істері» бойынша 869 журналистер, баспаханашылар, кітап сатушылар Бастилияда қамауда болды. Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кінәлары үшін өлім жазасына кесу ісі Францияда XVIII ғасырдың соңына дейін жалғасты.

Француз баспасөзінің тарихына 1789-1799 жылдар аралығы орын алған Ұлы Француз революциясы біршама өзгеріс әкелді. Журналистика - қоғамдық пікірдің мінберіне айналып, революциялық-демократиялық баспасөз қалыптасты. Революция нәтижесінде «Адам құқықтары жөніндегі декларация» қабылданып, 1791 алғашқы француз конституциясы өмірге келді. Құжаттарда адам құқының асыл қасиеттері - сөз, ой бостандығына шек қойылмайтындығы жарияланды. Осы болған жағдайлар Француз басапа сөзінің дауына үлкен өзгеріс алып келді. Революцияға дейін 27 газет шыққан болса, 1789 жылдың екінші жартысында газет саны- 250-ге дейін өсіп, ал 1790 жылы 350-ге жетті. Газеттердің көпшілігін революция көсемдері, саяси қайраткерлер басқарды: Виктор Рикети Мирабо «Эта женеро», «Курье де прованс» газеттерін, Жак Пьер Бриссо «Патриот франсе» газетін шығарды. Ал «Револьюсьон де Франс», «Вье Корделье» газеттерін Камиль Демулен басқарды. Француз революциясы тек Францияда ғана емес, Еуропа тарихында да жаңа кезеңнің ашылуына жол ашты. Ескі режимді жоя отырып, Адам құқы Декларациясының принциптерін жүзеге асыратын саяси партиялардың өмірге келуіне себепші болды. Осы кезеңде саяси басылымдар қалыптасып, баспасөздің «шынайы» бейнесі айқындала бастады. Қазіргі уақытта Француз бұқаралық ақпарат құлардары журналистика әлемінде өзіндік дәрежесіне сай белсенді қызмет етеді.

 

Ғылыми жетекшілері: Майкотова Ғ.Т., ф.ғ.к., доцент, Әлім Ә.А., аға оқытушы



Бөлісу: