Философия мен филология

Философия мен филология
жеке
блог

                                                    Философия мен филология

       Философия мен филологияның арақатынасы белгілі бір артықшылық мағынаға ие. Шынында да, ұғымдардың сөзден тыс және оларға қатысты болмайтындығына сенімді философтармен де, тілді ұғымдар мен мағыналарды ескермей-ақ зерттеуге болатындығына сенімді филологтармен де келісу қиын болар еді. Бір топ ғалымдардың пікірінше, бүгінде гносеологияда, әлеуметтік философияда, философиялық антропологияда көрініс тапқан антифилологияға ену тенденциясы нәтиже бермейді. Бұл, айталық, философиялық антропология таңба жүйелеріне, лингвистикаға немесе сол сияқты нәрселерге мүлдем қызықпайды дегенді білдірмейді, бірақ филологияны қазіргі заман үшін маңызды болу құқығын жоққа шығарады, оны сөздің музификациясының саласы ретінде қарастырады. Бұл тенденция осы саланың көрнекті өкілдері В.Подорога, Ф.Гиренок, Г.Гачев және басқалардың көзқарастарына тән құбылыс.
    Негізінде, философия (ұғымдар, болмыс туралы ғылым) және филология (сөздер туралы ғылым) жалпыға ортақ нәрсе үшін жауапкершілікті бөліседі және мәдениеттің маңызды аспектілеріне көлемдік стереоскопиялық көзқарасты бірлесіп зерттейді.Олардың ықтимал өнімді өзара әрекеттесу аймағына алғашқыда аясы тар болып көрінетін, бірақ іс жүзінде мұқият ойластырылған теориялық және когнитивті платформаны талап ететін бірқатар мәселелер кіреді. Бұл тар және кең мағынада аударманың шектері мен мүмкіндіктерін талдай отырып, тұжырымдамалық тілдерді ұлттық тілдің ішкі жүйесі ретінде дамытуға қатысты мәселелер. Басқаша айтқанда, тілдер, мәдениеттер, тұжырымдамалық жүйелер арасындағы, дискурстық емес және дискурстық, адамның санасы мен психикасындағы, мәдениет пен қоғамдағы вербалды формациялар арасындағы аударма. Дәл осы философия мен филологияның түйіскен жерінде аудару және аударылмайтындықтың өткір мәселесі туындайды, бұл білімнің әр түрлі салалары арасындағы ықтимал жолдарды, қиылыстар мен өткелдерді белгілеуге мүмкіндік береді. Белгілі бір мағынада филология философияның аударма мәселесіндегі тарихи және теориялық тәжірибесін кеңірек пайдалануға үміттеніп, философияны осы мәселеге итермелейді, бағыттайды деп айта аламыз. Ал философия филологияны эпистемологиялық рефлексия мәселесіне бағыттайды, себебі ол өзінің жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалайтын кез-келген гуманитарлық ғылымға қажет. Философия тарихы әрқашан осы пәндердің ықтимал бірлігінің маңызды саласы болған және болып қала береді. Филологтың мәтіндерді аудармашы және интерпретатор ретінде араласпауы, оның логикалық мағынасын(мұндағы басымдық, әрине, философияда қалады) ғана емес, талдау қабілетінсіз философия тарихы өмір сүре қоймас еді.
    Ашық құрылым мәселелерін зерттеу философия мен филологияға мәдени, әлеуметтік, когнитивті өзара әрекеттің негізі ретінде пәнаралық аударманың орасан зор өрісін ашады. Жоғарыда айтылғандай, философия мен гуманитарлық қатынастардың тарихы ертеден бастау алған. Өткен ғасырдың тарихи ретроспективасында гуманитарлық танымның білімнің басқа түрлерімен байланысы туралы, жалпы ғылыми бола ала ма деген мағынадағы философиялық сұрақтарды тұжырымдау белгілі бір кезеңділікпен ерекшеленеді: бұл сұрақтар бірде тасада қалса, бірде маңызды талқылаулар қатарында болды. Сонымен, гуманитарлық білімнің ғылыми табиғаты туралы мәселе неокантианизмнің әдістемелік бағдарламаларын, сондай-ақ герменевтиканың ғылыми талаптарын талқылау кезінде ХХ ғасырдың басында өткір мәселеге айналды. Бұдан кейін, бұл мәселе жойылған сияқты көрінді: атап айтқанда, психология үшін бұл жағдай психологияның ғылыми негіздерін ашуға қол жеткіздім деп шешкен бихевиоризм негізінде жүзеге асты, нәтижесінде сана туралы барлық әңгіме-сөздер ескірді. Ал филология барлығын ғылыми негізге салды. Алайда, іс жүзінде ешқашан тоқтамаған бұл пікірталастар біраз уақыттан кейін жаңа екпінмен қайта өршіп, содан бері әртүрлі гуманитарлық материалдарды қозғап және философияның қатысуын талап ете қарқынды орын алып келеді. Жаңа тұжырымдамалық құралдар, атап айтқанда ашық құрылым ұғымы бұл дауларға жаңа мағына бере алады.
     Ең бастысы - философия мен гуманитарлық білім арасындағы барлық байланыстар мен алмасулар әлемге деген танымдық қатынастың адам өмірінің құндылығы туралы идеяны барлық басқа құндылықтарға қолдау ретінде күшейтеді деген ойдан алшақ кетпеу.
                                                                                                                  Қуандықова Гүлжайна
                                                                                 Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-інің 1-курс магистранты
                                                                                                                           Жанатаев Данат
                                                                                             Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-нің профессоры