Филология мамандығын таңдаған балмұздақ студенттер мен таңдағысы келетін оқушылар! Сендер таңдаған мамандық барлық мамандықтардың бастауы. Себебі, «Ең әуелі сөз болған…». Құранның өзі де сөзден тұрады. Сөз - әлемнің өзі! Сөзсіз ештеңеде, ешқашан да жүзеге аспайды. «Сөз өнері дертпен тең» дегені тағы бар. Сендер ең ұлы мамандықтың иесісіңдер! Сөзсіз жаратылыстану да, тариқта болмайды. Сондықтан еңселеріңді тіктеп, тілдеріңді шұбарламай, намыстарыңды алмас қылыштай қайрап жүріңдер! Тіл мамандығы -күллі мамандықтардың төресі! Ұлттың жүрегі сенің мамандығыңмен дүрсілдеп, сен арқылы тамыр боп жалғасады. Иә, саған айтамын. Иә, иә, саған. От бол, болмаса шоқ бол, болмаса жоқ бол! Бұл мамандыққа аяқтарыңды сүртіп кіріңдер! Ең бастысы Алаштықтардың үміті мен абыройы, кеткен кегі мен армандары сенің бойыңда болу керек екендігін ұмытпа!
Мүмін Алаш