ЭСКПО 2017-нің Қазақстан үшін маңызы

ЭСКПО 2017-нің Қазақстан үшін маңызы
жеке
блог

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері күшті мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы елге айналу үшін талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.Осы қысқа ғана уақыт ішінде әлеуметтік және экономикалық маңызы бар түрлі жобаларды қолға алып әлемдік деңгейдегі іс шаралардың өтуіне өз үлесімізді қостық. Осындай көп мағыналы істердің жалғасы ретінде Қазақстан алдыңғы жылдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды.

Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады. Көрмеде бүгінгі күнгі энергияның көздері мен зиянсыз технологиялар мәселелеріндегі жаңа шешімдер ұсынылады. «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі энергия көздерін дамытуға, энергия үнемділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді колдануды ынталандыру.

Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас қазынасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет деп есептеймін. Бұл жаһандық шараның міндеті – болашақ ұрпақтың өмірі үшін қажетті энергия көздері мен біздің жеріміздегі бүкіл жандыны сақтап қалуда жауапты болу. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдік аренада біздің еліміздің танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. Көрме өткізу еліміздің экономикалық дамуына да үлес косады. EXPO-2017 Қазақстан үшін орасан зор рөл атқарады, себебі ол мемлекеттегі әртүрлі салаларды қозғап қана қоймай, олардың мәселелерін шешуге ықпал етеді.