Ертеңге!
блог
Біз жанымыздағы жарадан айырылуды үйренбей, сол жарамен өмір сүре беруді үйренгенбіз.
Кейбір сырыңды айтуға келмейді,кейбір сырыңды айтудың да керегі жоқ, сондықтан ақылды болып өмір сүруге тура келеді, осыдан сен "жалғыздық" деген асты жеуді үйренесің. Жоқ, "жалғыздыққа"сені жегідей жегіздіруді үйретесің.
Өмірде шексіз бақытты, шексіз бай адам жоқ. Тек біз салыстыруды үйреніп алғанбыз.
Өмір маған қалай қарайды? Немесе мен өмірге қалай қараймын? - деудің маңызы жоқ.Маңыздысы сен нөсерлі жауында да ыңғайлы ықты тауып қорғана білуің.
Жазылмайтын жара,аяқталмайтын мәжіліс жоқ, бар жоғалтқаның басқа жолмен оралатынын ұмытпа!
Нағыз жеңімпаз өмір: жетістігіңнің үлкен-кішісі, орныңның биік-аласасы, ақшаңның көп-азы, атаңғыңның бар-жоғы емес. Нағыз жеңімпаз өмір: өзің үшін құлшынуың, өзіңе тән дауыс шығаруың, өзіңе лайықты өмір сүруің, өз жолыңды жасауың.
Қателігің болар, кетер дағы; жасыңда төгілер, тиылар дағы. Мойынсынба, бәрін жина да, қайратыңның алдында түкке тұрғысыз екенін біл.