Ертегі-ел мұраты

Әже... Ертегі айтып берші? Әрине, барлығымыз да ертегі айтқанды,естігенді ұнатамыз.  Ерте,ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде-деп, әжеміз немесе анамыздан ертегі сұрайтынбыз. Қанша естігенменен, одан әрмен естігің келе беретін ертегілер де жетерлік. Қазақ халқында ертегілердің түрі көп. "Әннің де естісі бар,есері бар" -демекші, еститін нәрсең құлаққа жағымды,қызықты болуы,сонымен қатар оны жеткізе білу де бір өнер.Ертегіні тыңдаушыға әсерлі,рольге кіріп сомдаса,барлық бала оны сүйіспеншілікпен,қызыға тыңдайтыны мәлім.
      Ертегілердің сан алуан түрі болғанымен, оның астарында баланы тәрбиелікке,имандылыққа,алға ұмтылуға жетелейтін мән-мағынасы болады.Сондықтан да ,тәрбиенің бастауын тал бесіктен беру -ата-ананың міндеттерінің бірі. Қазіргі ата-аналарға кеңесім,балаларыңызға ертегі оқып беріңіздер. Қазақ халық ертегілерін немесе өзге тілден аударылған небір қызықты ертегілер саны көп. Қанша шаршау болсаңыз да,балаларыңызға көңіл бөлмесе болмайды. Себебі,қазіргі балалардың басым көпшілігі ұялы телефонды пайдаланады. Бұл біріншіден, балаға зиян.Екіншіден, телефон мәліметтері өзіңіздің түрлі эмоцияға беріліп,сезіміңізді жеткізіп айтатын ертегіге жетпейді ғой. Балаңыздың тәрбиесіне қазірден баса назар аударыңыз. Баланы жастайынан үлкенді сыйлауға,адамгершілікке, жаман қасиеттерден аулақ болуға, имандылыққа үйретсеңіз, ертең соның зардабын көрмейтініңіз сөзсіз, әрине.
       Ертегі қашанда халық жадында сақталады, бірақ та заман ағымына қарай олардың орнын мультфильмдер басуда.  Еңбектеген баладан бастап тіпті, өзімізге дейін оларды көргенді ұнатамыз,солай-солай уақытымызды жоғалтамыз.


Бөлісу: