Еңбегі кәсіппен тұтасқан тұлға

     Туған   елінің тағдыры үшін таланты мен бойындағы өнерін өзекті мәселелерге арнаған ұлы ақын,Абай Құнанбайұлының еңбектерін түгелдей дерлік білмейтін тұлға кемде кем. Абай жастайынан ел басқаруға араласқанда, жиған-терген білімін ел кәдесіне жаратып, өнер үйретіп, жаңа кәсіптерге баулимын десе, таңғаларлық жай емес.Бұл – өз ортасы, уақытынан оза туатын ұлы тұлғалардың көбінің басында болатын өкініш. Әйгілі «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» дейтіні Абайдың жас ұрпаққа айтар ойларының жиынтық қорытпа-құймағы іспетті. Абай атамыз жастайынан әкесі Құнанбайдың жетегімен еңбеккке ерте араласады. Мұндағы әке арманы баласын өз сара жолымен жүргізу болатын.Алайда Абайды әкесі қаншама  рет ел билеу ісіне баулығысы келсе де,Абайдың бойында ел билейтін қабілет болса да өзінде қызығушылық болмағандықтан оны ұзақ уақыт атқара алмады. Абай атамыз,кәсіпкерлікті өзің қалаған іспен айналысу деп білді. Сондықтан да Абай атамыз құлқы,санасын байлық жаулаған өз замандастарына,ел жастарына ренжіді.Өз ортасынан, әсіресе, жастар бой­ынан осындай келеңсіздіктерді көп көрген ол жасы қырықтарға жеткенде терең-терең ойларға шомып, іштей қатты күйзеледі.  «Байлар мал қызығын көре алмаса, саудагер тыныш сауда жасай алмайды». Мұндайда, әрине, «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ». Осы аттас өлеңінде «Олардың жоқ ойында малын бақпақ, адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деп, әлгі өзі сынаған ырың-жырың берекесіздіктің сырын да ашады.Ақын бұл өлеңдерінде бәтуасыз-мәнсіз тіршіліктің өзегінде еңбек қадірін түсінбеушілік, кәсіпсіздік жатқанын сынап, сөзін жалпыға бірдей арнаса, одан қайыр таппағанын аңдаған соң, енді назарын тікелей жастарға қарай бұрады. «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» дейді. Бозбалалықтың уақытша өткінші екенін ескертеді. «Әуелі өнер ізделік, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп, ақылға шақырады. Осы орайда, ақынның сонау шәкірт кезінде-ақ жамағайыны Жақсылық дегенге арнаған бір шумақ әзіл өлеңі еске түседі. «Аяғыңды аңдып бас, ей, Жақсылық! Борышқорлық адамға қиын нәрсе, әрқайда өсткізеді мал тапшылық» дейтіні ше? Жалқаулық, еріншектік адамды сұраншақ етеді. Алғаныңды уақытында қайтармасаң, басыңдауға қалады. Ел-жұртқа жексұрын атанасың, азамат басың қор болады. Иә, Абайдың өз ортасынан көргені бірғана Жақсылық атты жалқау емес, ондайлардың жүзін, мыңын көріп, еңбексіз күн көрмек бәтуасыздықтарын ақын жылып өсті ғой. Ал, бұған не себеп деп ойлағанда, оқу-білім, өнерден құрқалғандық екеніне көзі жетті. Сөйтіп жастарға арналған атақты «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңі дүниеге келді. Дүниені де, малды да, не іздесең соның бәрін ғылым арқылы табасың деді. Ал, білімсіздер қалай өмір сүреді? Абай өз шығармаларында болыстықты көп сынайды.Болыс – билік иесі, елді кәсіпке бейімдеуге, тұрмысын түзетуге жауапты адам. Халықты осындай ауқымды, ірі істерге бастаудың орнына ол байғұс бар малын шығындап, болыс болып, «кәкір-шүкір, көр-жерді пайда көріп ептеп» жүр. Абай  мұндай басшылардың ешқашан елді көгертпейтінін сынай отырып, қынжылады. Атаның ғана емес, адамзаттың ба­ласы болған Абай өз басының қайғы-қасыретімен езіліп жүрсе де, онысын сыртқа сездірмей, айнала жұртын тіршілік қарекетін жасап, адал еңбек етуге шақырудан танбайды. Мал тапқысы келмейтін адам жоқ, соны қалай табудың көзін білетін адам аз. Ол үшін оқып іздену, білім жинау керек. Өйткені, «Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың» деп алтыны қара сөзінде терең толғайды.Мал табудың бір жолы ретінде Абай ұсақ кәсіпшілікті көрсетеді. «Қолөнер үйрен дейді. – Және ісіме береке кірсін десең: 1) бұл ісімді ол ісімнен асырамын деп артық тыраш­танба; 2) малға бөге қалған кісімсіп кекіреңдеме; 3) қу тілге, мақтанға алданып дарақыланба; 4) тамыршыл болып босқа шашыла берме» деп белгілі бір кәсіппен айналысып жүрген ел жастарын ысырапсыздықтан сақтандырады.Абайдың көптеген мақалға айналған қанатты ойлары отыз жетінші сөзінде топтастырылған ғой. Мұнда да ол адал еңбек ету, өнімді кәсіп табу мәселесіне баса көңіл бөледі:«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың». Яғни, байлықтың қасиеті сонда, оның рақат-қызығын сол игілікті жасаған адам ғана емес, айнала төңірегі, қоғам да бірге көруге тиіс. Бұл – демеуші дегеннен жоғары ұғым. Меценаттық. Дамыған елдердің мәдениетін, жалпы рухани әлемін көркейтіп жатқан қаржы өзінің бірі осы меценаттық. Әлемді оймен шолған Абайдай хакімнің өз назарын ең алдымен әрелдің тұрмыс-тіршілігіне салары һақ. Шынында, қазақты қазақпен емес, басқа ел-жұрттарымен салыстыруы тегінбе? Абай өмір сүрген уақыт – Батыста капитализмнің дами бастаған кезі. Құрлықтар теміржолдармен, телеграф сымдарымен кестеленіп жатты. Мұхиттарды еркін шарлаған алып кемелер жасалды. Аспан асты домна, мартен пештерінің қарақожалақ түтіндеріментұмшаланды. Иә, Абай көптеген елдердің шаруашылықты ұйымдастыруда қазақтарға қарағанда шырқапалға түсіп кеткенін аңдады. Бұл айқала берсе, ешқашан еркіндік, теңдік тимей, қараңғы мешеуліктен шыға алмай қорболарын түсінді. Жастықшақ, махаббат, жалпы бүкіл шығармашылығында «талап, еңбек, терең ой» деп қақсай беруі сондықтан. Өйткені, адамзат қоғамындағы ең бірінші басты өнер – өмірді жаңғыртып, жақсартатын, тұрмысты түрлендіріп мәнді де сәнді қылатын, адамның тәндік те, рухани да – барлық сұраныстарын толық қамтамасыз ете алатын құдіретті күш – кәсіпкерлік екенін Абай жақсы білген. Бүгінгі таңда біздің елімізде Абай атамыз армандаған кәсіпкерлік сала енді өркен жайып келе жатырған сыңайлы. Біз Абай заманында бөтен елдің бұғауында болдық. Ойымызды ашық ,анық айта алатындай жағдайда болмадық. Соны тілге тиек етуіміз де мүмкін. Бірақ өнерлі болсақ дәріптеуге,білімді болсақ дәлелдеуге ешкім кедергі болмады. Міне,Абай атамыздың айтпағы да осы болды. Біз заманында өз бойымыздағы талантымызды тарата алмадық. Бұл Абай дәуіріндегі әрекет болса,бүгінгі таңдағы талпынысымыз қандай күйде? Біздің жастарымыз оқып,білім алуға құштар-ақ. Алайды сол оқып,үйренген білімдерін өз қоғамына жарата білуде,белгілі бір кәсіп көзіне айналдыруда көштен қалып келеді.Абай атамыз айтқан,өзіміздің жанымыз қалаған кәсіппен айналыссақ,қоғам алдындағы абыройымыз биік болып,жасаған кәсібімізден берекет табатынымыз айдан анық.

Авторы: Жанызакова Эльмира,Қанат Перизат,Ниязбекова Сезім

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері

Ғылыми жетекшісі: Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры



Бөлісу: