«Ел аузында» сақталып қалмайтындай болса екен...

 «Жастар бұзылған» , «Жастар жалқау» сынды пікірлерді жүрген жерімде жиі естимін. Мүмкін осы сөздерді айтқан адам, кейін кері әсер беретінін білмеген де болар... Сонда да,болашақта «Ел аузында» бастапқыдағыдай сөздер сақталып қалмайтындай,неғұрлым жылы сөздер көбірек болса екен.

Айналама қарап отырып, жыбырлап,тырбаңдап, әйтеуір қайтсем күн көрем, қатарға қосыламын, алды боламын дегендей асығып жүрген небір жастарды көріп, жоғарыдағы сөздерге қатты ренжимін. Ренжімегенде ше?

Жақсылап ойлансақ,әр саланы алып қарасақ та жастар деген қаптап жүр. Күні-түні жүгіріп, екі жұмысты қатар алып жүрген қатарлас-замандастарымды да көзбен көріп жүрмін. Жастар форумдары, волонтёрлар,саясат,әскер, өнер,спорт,журналистика бәрінде де жастар...Интернетті де орынмен пайдаланып,танылып, не болмаса он саусақтан өнер тамған тамаша туындылар, отандық сағаттар,аксесурлар,көлікке арналған ұлттық нақыштағы жапқыштар, көлік құрастыру,өнімдер,бұйымдар барлығының басы-қасында толған  жастар жүр. Осыдан соң қалай жастар жалқау деп айтуға болады?!

Мен қазіргі замандағы жастарды, замандастарымды бұл сөзге қимайды екенмін. Достар,сіздер не айтасыздар?  Бізге жаңаша көзқарастар, жаңа пікірлер,талпыныс пен стимул беретін әрі әрқашан серпін беретін мотивациялар көптеп қажет.

Сіздер қалай ойлайсыздар? Келісесіздер ме? Бізге не жетіспейді? Не нәрседен бас тартып,неге қол жеткізу керек?



Бөлісу: