Экспо тарихын білеміз бе?
блог
1851-ші жылы 1 мамырдан бастау алатын Бүкіл Әлемдік Көрме Альберт ханзаданың бастамасымен Лондон қаласындағы Гайд-паркте "Барлық халықтардың өңдірістік жұмыстарының ұлы көрмесі" деген атаумен өткен еді. Көрменің басты назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен тұрғызылған Хрусталь сарайы болды. Бір өкініштісі бұл тарихи ғимарат 1936-шы жылы өртеніп кеткен.
Ең алғашқы Әлемдік Көрмені 20 аптаның ішінде 6 миллионнан астам адам тамашаласа, сол кездегі Лондонның халқы 3 миллион ғана еді.
Көрмеде бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, америкалық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке (Goodyear), қойылтылған сүт, консервіленген азық түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, "веналық" деп аталатын орындықтар және басқа да заттар қойылған!
Көрмеден шамамен 186 000 фунт стерлинг пайда түсті. Бұдан түскен пайда әйгілі Виктория және Альберт тағы да басқа бірнеше музейінің құрылысына жұмсалған.