Экологиялық деңгейдің көтерілуі

Елімізде экологиялық деңгей төмен тұр. Еліміз зауыттармен үлкен қиындықтарға тап болып жатқан сізбен бізге мәлім нәрсе. Енді елімізде эколгияның белен алуы не себеп, соған тоқталсақ.

Бірінші кезекте зауыттардың көп болуы, елдегі зауыттардың жартысы ескірген. Бұларға себеп қаншама улы газдардың бөлінуі, елдегі экологиялық деңгейге әсері зор ал мынадай жағдайда экологияға әсері қышқыл жаңбыр, әртүрлі ағаштардың қурауы, әрине айналамыз зауыт фабрикаға толып тұр егерде зауыттардың осылай қарқынды жұмыс істеуі келешекте адамдарға да әсер етеді. Қалалардың ластануы күнде адамдар қоқыс лақтырады. Әртүрлі жерлер қоқысқа толып кеткен, және тағы бір қоқыс полигондардың жылдап емес, айлап көбеюі адамдарға кері әсерін береді. Оны өңдеуден өткізбесек, лас қалалар одан сайын көбейе береді. Ескі-құсқы көліктердің жүруі, қаншама көліктер күніңе көптеген түтін шығарады. Ал олардың тең жартысы ескі көлікпен жүреді. Әрине үлкен проблема адамзат үшін, әрине жаңа көлікке ақша жетпеуі өте қиын, бірақта билікте отқандар осыны бір жақты қылуды ойлау керек шығар.Бұрыңғы полигон болған жер, Семей қаласында үлкен көмекке мұқтаж жандар көп, елімізге Экологияның дұрыстығын қадағалау керек.

Екінші кезекте зауыттардың көзін құртсақ жаңа заманға сай жабдықтармен қамтылса, облыс, қалалар үшін керемет болар еді. Әлде зауыттарды қаладан шығарып тастау керек. Бір жағынан қаланың тұрмыс тіршілігіңе кесірін тигізеді. Елімізге мұнайға тәуелділікті бірте-бірте азайтқан жөн болар еді. Себебі, Каспий теңізінен алатын балықтардың жартысы өліп жатыр, әрине мұнай қалдықтарының шашылуы, әртүрлі туристер қоқыстар балықтарға кері әсер беруде, сондықтан балықтардың санның одан сайын азайтып алмас үшін жұмыс жасау қажет. Полигон жерлердің болуы, әр ауылда өзінің полигондары бар, ал қалада үлкен полигоны бар. Ал сол полигондардың орыныңа, неге қоқыс өңдейтін зауыттар әкелмейді. Бұл өзіміз тұратын жер, бұл жақта келешекте өз ұрпағымыз өмір сүреді. Солар үшін болса да қоқыс өңдейтін зауыттар салып, сол өңдеген нәрсеміз, өзімізге пайдалы. Елдегі белен алған Семей ядролық полигоны бар, бұл полигон жабылып қалсада, әліде өз зардабын адамдарға тигізіп жатыр. Сол секілді Капустин Яр жерінде де полигон бар.

Ой түйе келе, бізге үлкен мәселелерімізді шешу керек. Мәселені бірі экология адамдар үлкен залал келтіріп жатыр. Бірақ оны адамдар байқап жатқан жоқ. Еліміз табиғаты керемет болсын десек экологиялық мәселерімізді дұрыстаған жөн.



Бөлісу: