Екі түрлі қазақ !
Жақында ағайындарымның үйінде қонақта болғанмын,
сол жерде отырғанымда қонақтардың мына бір әңгімесі мені ойландырды ! Өзім түсінгенім қазір қазақтар екіге бөлінеді бірі тәуелсіздікке риза болса екінші бірі бұрынғы совет өкіметін аңсайтындар.Тіпті кейбірі Ресейді қатті қастерлеп мынадай сөздер айтады:
-Ресей болмағанда біздер қазір болмайтын едік,қазіргі Қытайдың біздерге шабуыл жасамауының бірден-бір себебі осы Ресейдің арқасы-мыс
Сталинді пір тұтып әулие дейтінді де сол отырыста көрдім,солардың арасында отырған бір апам былай дегені мені терең ойға батырды:
-Қазір Ресейге қосылып бір мемлекет болайық деп ұсынса,соны қолдағандардың бірі мен болар едім!
Шынымен халықтың бұлай деуіне не түрткі? Еліміздің жағдайы осыншалықты нашар болғаны ма сонда?
Ия,салыстырмалы түрде кеңес өкіметі кезінің жағдайы енді
қазіргі тілмен "Зың" деуге болатын шығар,себебі мен ол заманды көрмедім әйтседе соның куәгерлерінің ауызынан сол кезді жамандағанын кездестірмедім,бірақ сол қазақ халқының қаймақтары жиылған"Алаш"зиялыларына жасалған опасыздықтарынан басқа.
Сол кезді аңсайтындар еліміздің жағдайын,басшыны ,депуттарды қатты сөгеді енді оған қарсы келе алмайсың))
Өзімді құдды бір патриот ретінде немесе бір жақты жақтаушы ретінде көрсеткім келмейді бұл тек қана сырттай бақылап көрген нәрсем.Қатты сөкпеңіздер))