Егер мен журналист болсам

     Журналистерді адамды тірідей жейтіндер деп атайтыны, таңғаларлық емес.Журналистика жаңалық жазу ғана емес.  Бұл әртүрлі дереккөздер арқылы қажетті ақпаратты алу, оны дұрыс сүзгіден өткізіп, арнайы этиканы сақтай отырып, содан кейін мақалаға біріктіру үшін журналистік зерттеудің тұтас жүйесі.  Бұл белгілі бір сана, нақты тәуекелдер, көтерілу мен құлдырау, ал кейбіреулер үшін өмір салты.

        Менің өмірімде журналистика әрдайым жанымда, жадымда, бірақ дәл сол уақытта менен тым алыс болған еді.Үнемі медиаға,адамдарды ескертіп,шақырып, жаһандық мәселелерді көтеруге жақын болған мен, журналистика саласының нағыз “мендік” екендігін түсіндім.

        Бұл саладағы алғашқы қадамдарымды жасай отырып, мен алдағы жоспарларым туралы көп ойланамын.Журналист-астарлап айтқанда да, тік айтқанда да, бір орында отырмайтын маман.Маған бұл бас айналдыратындай ұнайды.Болашақта өзімнің тәуелсіз БАҚ ашып,глобалдық мәселелер туралы айтып,насихаттап,әлемді жаңарту-менің басты мақсатым.

        Жалпы айтқанда, журналистика-менің өмір салтым.Менің өмірімнің мәні-дүниежүзінде бейбітшілікті нығайту.

 

 



Бөлісу: