«Дүниенінің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам»
Болашақ десек те, келешек десек те бұл сөздер «бала», «ұрпақ», «өркен» деген мағынаға барып тіреледі. Білімді әрі тәрбиелі жастар-студенттер біздің еліміздің келешегі, тірегі. Оларға жақсы тәлім тәрбие беру, әрине бірінші от басынан бастау алады.
Төсегімде түні бойы өртенсем,
Қайғым жалғыз: кім боласың ертең сен.
Көп жасасам күйігіңді көрем бе,
арманда кетер ме екем ерте өлсем,
кім боласың,
кім боласың ертең сен?!
Тебірен тау, толған теңіз, жер теңсел, –
суымадым түні бойы өртенсем.
Бүгін менің алақанымда отырсың,
қайда ғана отырасың ертең сен,
кім боласың, кім боласың ертең сен?!,
деп ақын Жұмекен Нәжімеденов ағамыз жырлағандай әрбір ата-ана баласының болашағына алаңдайтыны анық. Студент университет қабырғасына келгеннен кейін студенттерді тәрбиелеу оларға дұрыс жол көрсету, дұрыс мақсат қоя білуге үйрету біздің мойнымызға жүктелері қақ. Ел алдында, келешек ұрпақ алдындағы міндетті сезіне отырып, университетіміз бекіткен тәрбие жұмыстары бағыттары бойынша кафедраның куратор-эдвайзерлері жұмыла жұмыс жасайды. Студенттердің еңбек, ақыл-ой, ізгілік пен рухани-адамгершілік, тән мен тазалық тәрбиесіне көңіл бөлу кафедрамыздың негізгі жоспарларының бірі болып табылады.
Азаматтық- патриоттық бағыт бойынша жыл сайын кафедраның барлық оқытушы профессорлар құрамының ұйымдастырылуымен тәуелсіздік күніне орай жатақханада "Тәуелсіздік тұғырым" атты кеш өткізу дәстүрге айналған. Ең таза қабат, ең таза бөлме және т.б. номинациялар бойынша студенттер сыйлықтармен марапатталып, артынан желтоқсан құрбандарына арналып ас беріледі.
«100 кітап, 100 шығарма» бағдарламасы бойынша әр топта кураторлық сағаттар өткізіледі.
Бағдарламаға енген әлем және еліміздің ақын-жазушыларының шығармалармен таныстырылып, әр шығарманы тереңнен талқылап және одан қандай тәлім-тәрбие алуға болатыны түйінделеді.
Кез келген ойшыл-ғұламамен, ақынмен, жазушымен жүзбе-жүз кездесуден, сұхбаттасудан әр адамның алатын әсері ерекше. Шығармаларды оқып, танысып қана қоймай мүмкіндігінше авторларымен кездесу кештері ұйымдастырылып отрылады.
механика-математика факультетінің қызыл залы. Ақын-сазгер, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегрі Исраил Сапарбай ағамызбен «Махаббат та ұлан ғайыр ұлы ұғым» атты кездесу кешінде.
«Дені саудың жаны сау» бағдарламасы бойынша «Біз - жастар ішімдікке қарсымыз!!!», «Шылым шегудің зияны», «Денсалулық – зор байық» және т.б. тақырыптар бойынша тәрбиелік сағаттар, дөңгелек столдар өткізіліп тұрады. Әрине, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін оқытушының өз денсаулығы мықты болуы тиіс. Университет оқытушыларының арасында өткізілетін жыл сайынғы спартакиадаға кафедра меңгерушісі Урмашев Б.А, кафедра оқытушылары және Phd докторанттар құрамы белсене қатысып отырады.
«Айналанды нурландыр» бағдарламасы бойынша факультет және кафедра көлемінде кештер, сайыстар, ашық кураторлық сабақтар өткізіліп тұрады. Солардың бірі фаультетіміздің Қызыл залында кафедра мен студенттер маслихатының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік куратор-эдвайзер» атты байқауы.
«Шаншар» театрының актеры – Уәли Абдраимовпен кездесу, «Грин Кампус» бағдарламасы бойынша факультетіміздің алаңын және ғимаратын гүлдермен безендіру және сенбілік жұмыстары жүргізіліп отырады. Университетіміз бекіткен жоспарлар бойынша өткізілген іс-шаралардан студенттердің адал, адамгершілігі мен жаупкершілігі мол, еңбекқор азамат болып қалыптасатынына сеніміміз бен үмітіміз мол.
«Информатика» кафедрасының оқу, әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Закариянова Н.Б.
және аға куратор-эдвайзері Кабдрахова С.С.