Доссыз өмір сүру тұссыз ас.
блог
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.Достық – адамның өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектес пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.Қанша жылдар өтіп, қай қиырда жүрсең де, басыңнан талай-талай қызығы мен қиыны аралас, қой қоралас көне жұртқа, қаршадай балаң шақта егіздей сыңарындай бірге өскен достарды елжірей еске түсіріп, жүрегің лүп-лүп соқпай ма?!
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі. Ондай бірліксіз кездейсоқ достықтың өмірі ұзаққа бармайды.
Достық ұғымы жеке адамдардың өзара қарым-қатынасына ғана емес, бір аймақта аралас тұрып жатқан халықтар, ұлттар мен ұлыстар, елдер, яғни мемлекетаралық қатынастарға да тән.