Діни радикализм

Діни радикализм
жеке
блог

                                                           Діни радикализм

Қазақ қоғамында радикалды діни көзқарастағылар көп.  Әдетте, ислам атын жамылған радикалды топтар алдымен ҚМДБ қызметін, Бас мүфтиді мойындамайды. Мазхабтарға қатысты көзқарастары да бөлек.  Олардіни ережелер мен қағидалардың ең қатаң және ең радикалды желісін ұстанғанды ​​жақсы көреді.  Дегенмен, сақалын өсірді, балағын қысқартты деп ешкімді қамауға алмайды, егер олар ресми түрде тыйым салынған экстремистік немесе террористік ұйымның мүшесі болмаса.  Халық сәләфи мен ваххаби болып есептелсе де, ресми статистика олардың санын айтпайды.  2016 жылы салафизмді ұстанатындардың саны 15 000 шамасында деп хабарланған.  Алайда, билік бұл туралы егжей-тегжейлі айтпады.  Сәләфизм мен уахабизмді ұстанатындардың санын анықтау қиын, өйткені оларды екі түрлі ұстаным ретінде қарастыру керек пе, әлде бірге қарастыру керек пе деген мәселе шешілмеген.  Біз сәләфтерді «радикалды» және «қалыпты» санай бастадық.

Қоғамда әлі күнге радикалды ағымдардың жетегінде кетіп қалу қаупі бар азаматтар аз емес. Радикалдар адамды арбаудың сансыз тәсілдерін меңгерген.

Жалпы, қоғам мүшелерінің радикалдануына байланысты түрлі болжамдар айтылады. Дегенмен сарапшылар радикалданудың бірнеше себебін алға тартады. Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы кемі 5-6 фактор қоғам мүшелерінің радикалдануына алып келетінін айтады.

Дінтанушы Балғабек Мырзатаевтың айтуынша, радикалдық бағыттағы идеологияны таратушылар ең алдымен өздеріне қажет аудиторияны таңдайды.

Радикалды идеологияға жақтас жинаушы адамды қауға сақалды, шолақ балақты, арабтың немесе Оңтүстік Азияның өзге де халықтарының киімін киетін адам ретінде бағалау қате екенін сарапшылар айтып жүр. Қазір радикалдарды басқарушылар тобына кіретін азаматтар өте білімді болып келеді. Олар интеллектуалды тұрғыда өзін әбден дамытқан, харизмасы күшті, күрделі сауалдарға оңай жауап беретін, адамға қажет кезінде қаржылай да жәрдем беретін мүмкіндігі бар адам келбетінде сипатталады.Тіпті, іскерлік киім киіп, шет тілдерінде сайрап тұруы да мүмкін. Бірақ радикалдардың қатарын көбейтуде бұлар алдыңғы қатарда жүреді. Әрі олар – элита. Ондай адамдарды қолға түсіру де қиын. Қолға түсетіндер жоғарыдан келетін бұйрықтарды қабылдап, орындаушылар ғана.                                                     

                                                                      Орындаған: Ануарбекова Ансаган

                                                                      Тексерген: Мұқан Нұрзат