Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Исламда сиынудың алдында дәрет алу керек деген шарт бар. Ол шарт Құранның келесі үзіндісінен шығады:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ (5:6, Хафс риуаятында келген Ғасым қирааты бойынша)
Сөзбе-сөз аудармасы:
Ия сенім келтіргендер! Сиынуға тұрған кезде, жуыңдар беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарыңа дейін, сүртіңдер бастарыңды және аяқтарыңды тобықтарыңа дейін.
Осы сөзбе-сөз аудармаға қарасақ, бәрі түсінікті келеді – бет пен қолды жуу керек, бас пен аяқты сүрту керек.
Бірақ дәстүрлі пікір бойынша аяқты сүрту керек. Неге десеңіздер, араб тілі грамматикасын қайталап өтейін – араб тілінде харакәт деген нәрсе бар, ол сөздің септігіне байланысты бола алады. Харакәт деген — бұл дауысты дыбыстар.
Көрсеңіздер, اغْسِلُواْ [ағсилю] – жуыңдар деген сөзден кейінгі зат есімдер табыс септікте тұр, себебі ол сөздер тура толықтауыш болып келеді. Табыс септік «фатха» харакәтімен көрсетіледі және «а, ә» деген дыбысты береді. Жаңағы сөзден кейінгі сөздерге сол харакәт қойылған:
وُجُوهَكُمْ [уджууһӘкум] – беттеріңді, أَيْدِيَكُمْ [әйдийӘкум] – қолдарыңды.
Ал امْسَحُواْ [әмсахуу] (сүртіңдер) деген сөзден кейінгі зат есімдердің алдында بِ [би] деген көмекші сөз тұру керек және ол бұл мәтінде тұр. Араб тілінде көмекші сөздерден кейінгі зат есімдер ілік септікте тұруы тиіс. Ілік септік «кәсра» харакәтімен көрсетіледі және «и» деген дыбысты береді. Ол септік رُؤُوسِكُمْ [ру,усИкум] – бастарыңды деген сөзде көрініп тұр, бірақ одан кейінгі екінші сөзде көрініп тұрған жоқ: أَرْجُلَكُمْ [әрджулӘкум] – аяқтарыңды деген сөзге фатха қойып, оны табыс септікке қойған. Осыған сілтей отыра, дәстүрлі тарихи исламда бұл сөз сөйлемнің бас жағындағы اغْسِلُواْ [ағсилю] – жуыңдар деген сөзбен байланысты дейді.
Бұл біріншіден ақылға сыйымсыз нәрсе, себебі «сүртіңдер» дегеннен кейінгі сөз қалай алдыда өтіп кеткен «жуыңдар» деген сөзге жата алады?
Екіншіден, Құран мәтіні тек харфтардан (әріптерден) тұрады, харакәттар оқуды жеңілдету үшін кейін енгізілген, яғни бұл адамның шығармасы болған соң, олар қате қойылуы мүмкін. Дұрысы, біз бұл жерде өз көзқарасын ақтау үшін харакәттар арқылы жасалған манипуляцияны көріп тұрмыз.
Үшіншіден, харакәттары басқаша қойылған басқа қирааттар мен риуаяттар бар. Жалпы суннизм мойындайтын 7 қираат бар, әр қираат 2 риуаятта келтірілген, яғни Құран оқылуының 14 нұсқасы бар. Түркі әлемі қолданатын нұсқа, бұл – Хафс риуаятында келген Ғасым қирааты.
Қызығы, нұсқалардың тең жартысында, яғни 7 нұсқада «аяқтарыңды» деген сөз Хафс риуаятында сияқты табыс септікте емес, ілік септікте тұр, яғни ол сөз кәсраға ие болып «أَرْجُلِكُمْ» [әрджулИкум] деп тұр.
Ол келесі нұсқалар:
1) Әл-Баззи риуаятында келген ибн Кәсир қирааты:
2) Қунбуль риуаятында келген ибн Кәсир қирааты:
3) Әд-Дури риуаятында келген Әбу Ғамру қирааты:
4) Әс-Суси риуаятында келген Әбу Ғамру қирааты:
5) Халяф риуаятында келген Хамза қирааты:
6) Халяд риуаятында келген Хамза қирааты:
7) Және, соңында, Шуғаба риуаятында келген Ғасым қирааты (!):
Ең қызығы, біз қолданып жүрген Ғасым қираатының басқа риуаятында аяқты сүрту керектігіне сілтеме тұр.
Көргеніміздей, суннизмнің өзі мойындайтын Құран риуаяттарының тең жартысы дәрет алған кезде аяқты жуу емес, сүрту туралы айтып тұр.
Қорытынды: дәретте аяқты жуу парыз деген ұғым Құранның мәнмәтініне қайшы келеді, бұл пікірді суннизмде мойындалған 7 риуаят растайды.
Қираат мәтіндеріне сілтеме: https://musulmanin.com/tajwid-qiraat.html