Дара туған, дана тұлға

Дара туған, дана тұлға
жеке
блог

Дара туған дана тұлға...

 Бүгінгі атар таңымыз кешегіге мүлде ұқсамайды. Әр күніміз жаңалыққа толы . Заман көші де алға қарай іргелеуде.  Ал кешегі күн тарих болып,жадымызда мәңгі сақталады.

Осы тұста аты аңызға айналған, ақ бас Алтайдың ақиығы, біртуары Оралхан Бөкей жайлы сөз еткім келіп отыр. Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек сала білген Оралхан ағаның орыны қайсымыз үшін болса да ерекше. Алтайдың аты мен Оралхан Бөкейдің есімі қашан да қатар жүреді емес пе?! Оның жазу стилі де өзгеге ұқсамайды.  Туған жерін,елін ерекше сүйіп, көркем тілмен кестелеген дара тұлғаның еңбектері осы күні де сұранысқа ие. Оның басқаларға ұқсамайтын бір ерекшелігі - өз шығармаларында қарапайым халықтың жай-күйін тілге тиек етуді мақсат етуі. Өзіңіз Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқып отырып-ақ қандай болғанын аңғара аласыз. Жалпы ол туралы деректер жетерліктей ғой. Оны тек ізденістен жалықпайтын адам ғана көреді.

Ол жас кезінен-ақ жазушы болуды армандаған. Ал арман алдасын ба? Қанша қиындықты басынан кешірсе де жеңістің туын желбіретті, көп еңбектенді. Тіпті, кішірек кезінде отырыстардың бірінде «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін», – деген екен. Өздеріңіз байқағандай, жас баланың үкілеген үміті , болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігі, шексіз махаббаты уақыт өткен сайын артпаса бәсеңдемеген. Ол ұшқыр арман қиялымен өз мақсатына жетті.

Оралхан Бөкей өзінің шығармаларының көбінде ауыл өмірін суреттеген. Оқып отырып ішінде жүргендей керемет әсер кеудеңді билейді. Ол шындықты, әділеттілікті  жаны сүйген.

Мысал ретінде оның жұрт көңілінен шығып, жоғарғы бағаға ие болған «Атау кере» романы жайлы айтқым келеді. Романның  ерекше атауында сыр жатыр. Жалпы “Атау кере” сөзі күнделікті күйбең тіршілікте қолданыла бермейтін, шарасыз күйде айтылатын, салмақты, ауыр, қатты ұғым деседі. Негіздеп алғанда шығармаларында жеңіл мазмұнды туындылар кездеспейтін жазушы бұл тақырыпты да ширата білген.  Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға салынып, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек. Жазушы кейіпкерлерді баяндау арқылы 

1930 жылдардағы жұрт сеңдей соғылған аштық кездерін анық сипаттап соған тоқталды. Роман оқып отырған адамды баурап алатыны сонша, оқиғалардың шарықтау шегі, өрбуі, шиеленісуі қас-қағым сәтте көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Қазір осы тектес шығармалар жалпы саусақпен санарлықтай. Меніңше, жазушымын дегеннің бәрі осы атаққа лайық емес. Ол - атақты беретін, қара қылды қақ жарып пікір айталатын, көз қарақты оқырман.

Жоғарыда айтып өткендей қазір заман басқа. Тіпті бұрынғының жазушаларымен қазіргінікін салыстыруы көпшілікке үшін қиынға соғады. Былай айтқанда  жер мен көктей. Демек бұл туындылар бізге аманат болып жетіп қалған ғой. Ал қазіргі ұрпақтың міндеті - аманатқа қиянат жасамау. Сол себепті біз осы тектес  тың дүниелер мен шығармаларды оқып, артымыздан еріп келе жатқан жас буынға дәріптеуіміз керек. Не дегенменде қазақ халқы «бабалар сөзі даналық көзі» деп бекер айтпаған.