Бізге не қызық?

Жаһандану заманы...Теxнология заманы...Күнделікті күйбең тіршілік....Қандай заман болмасын,заманның негізін құраушылар адамдар емес пе?Қаншалықты теxнология дамып,адамзат баласына түрлі ыңғайлықтар туғызылып жатқанменен,адамда жан дүниесінің,жақындарының жақсылығы-қуанышымен ғана жан тыныштығын табады.Дегенмен,ішкі күйдің көңілі тыныштық таппаса,мейірленбесе,қуаныш көрмесе кең әлемнен өз орнын таппағандай күй кешіп,күйзеліске түседі.Өзіңе қызық іспен айналысып,сол арқылы жетістікке жету,жақындарыңның әркез қуанышына куә болу,өзіңнің керек екендігіңді түсіну кез-келген жанның қалауы....

Интернет ондағы түрлі сайттар-адамның жан жылуын,шынайы әңгіменің қызығын,жылы көзқарастардың ешқайсысын сезіндіре алмайды,орнын баса алмайды.Міне осы интернетпен шектелу,оған тәуелді болу қазіргі қоғамдағы қайырымсыздықтың бірден-бір себебі деп түсінемін.Шын мәнінде жалықтырғыш дүние ғой,интернет,шіркін!...Оны мен ғана емес,сіздің де ұғынарыңыз анық.Уақытты өлтіру,ой бөлісер уақыттың болмауы,сырыңды тарқатар жанның болмауыының интернет орнын басушысы болды...Бірақ бізге ол қызық па?Тіпті жан-жағыңнан өзіңе қызық,керек дүниелерді көре алмаушы,яғни руxани күйзелістегі адамның не болмаса тым жалқау адамның басты серігі-интернет болса,шынайылық жойылмақ емес пе?Осы ретте кез-келген адам интернет пен шынайы қарым-қатынастың ара-жігін ажырата білу керек.Басты құндылық-адамдардың бір-біріне деген сыйластығы."Қазір ешкім-ешкімге жаны ашымайды,уақыт аз",-дей берудің қажеті не?!Сол адамдардың бірі сізсіз!Өзіңізден бастаңыз,адам бойындағы мейірім қасиеттерінің бастаушысы болыңыз.Түңіле беру,іштей тыну-ешқандай нәтиже бермейді...



Бөлісу: