«Біздің мақсатымыздың» мақсаты!

«Біздің мақсатымыздың» мақсаты!

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді!Біздің жағдайда бір құмалағымыз толық отарды шірітпекке бағытталды десек шірітпек болған отырамыз шірімек түгілі орнынан қисайған жоқ,дегенімен зардапты өзіміз көрдік! Ғұмыры 2 бөлімнен тоқтатылған «Серке» газетінің жабылып қалуына себепкер болған Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыздың» жазылудағы мақсаты мен жабылудағы мақсаты елім,жерім деп жүрегі соққан әр қазаққа қызық екені рас дүние.Мақаланың астарын қазып,жілік-майын шағып,бөлік бөлігемен майдалап өзіміз көруге ниеттендім.

 Мақала соратылған ұзында емес түйірілген қысқада емес орта көлемді!Тақырыбының өзі айтарлықтай зейін қойғызардай «Біздің мақсатымыз» делінген! Тақырыптан шошырлық дәнеңе жоқ!Атауын естігеннен кейін мақаланың ішкі әлеміне ендік!Мақаладағы ең бірінші сөйлем былайша жазылыпты «Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық». Сөйлемнің артынан Міржақыптай тұлғаның қапалы ренішті бейнесін сезінуге болатындай,бір қынжылып өзінің елінің өзгенің боданында екеніне намыстана айтқандай,бірақ дәл осы сөйлемімен екі қоянды бір оқпен атты деу меніңше дұрыс болады!Себебі,көкірегін көрген,көздерін шөл басқан адамдықтан безген патша самодержавасына қазақтың Россияға тәуелді екенін айтып оларды бір марқайтайын деген-мыс!Бірінші сөйлемнен кейін әрмен қарай «Оның(қазақтың) правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады» деген ренішке малынған шағымдары үйірлене жазылған!«Чиновниктер қазақтарды қинауда,қазақ жеріне мұжықтарды несіне жер аудартады» мақаланың басымдығы дәл осы мәселелерді айтуға бағытталған.Мақалада автор барынша өз жұртының аянышты хәлін жалпақ тілмен сөздерді найзалап ата отыра жеткізіп отырған!Негізгі мақаланың мақсатын біреу дегенімен өзгеде кішігірім айтар ойларын  бірнеше бөлікке бөлуге болады!Мәселен мақалада автор «Халық күйзелісін жан тәнімен сезінген сандаған адам есепсіз қаражат шашып Петербургке жол тартып,министрлердің табалдырығын тоздыруда,бірақ оған құлақ асқан жан болмады» деген бір сөйлемімен-ақ сол кезеңдеде ақшаның құдыреті жүріп тұрғанын,бір жерден екінші жерге бару қазаққа ауыртпалық салып жатқанын,елді естімейтін қарны қампиғандардың мол екенін жеткізеді!Тағы да наразы Міржақыптың бейнесі Ал, «Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай чиновниктер,урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып,мал-мүлкін тартып,ойына не келсе соны істеді»  деген кіші үшінші абзацта жазылған мына бір сөйлеміндегі ой тұнық,ашық әрі өте батыл жазылған!Сол кезеңде осы сынды сөйлемді айту өзіңді өзің жарға итергенмен тең деседі.Сол сөзге сүйенсек Дулатовтың осындай бір озбырлықтың болып жатқанын қайсар түрде айтуы ерен ерлікпен пара-пар десек қателескендік емес!Бұл сөйлем артындада тағы қапалы Міржақыптың бейнесі! Төртінші кіші абзацта жазылған  «Енді, чиновниктер біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» деген сөзі «болды,шыдамныңда шегі бар» сөзімен астарлас секілденеді.Бұл сөйлемдерде ұлт жанашыры патша самодержавасының шектен шыққандығы меңзей отыра,жерді алды,жағдайды әлсіретті,енді тіпті құндылықтарымызға бөрідей шапты,дінді қорлап жеке мәселелер аяғына тұсау салды деп өзінің іштегі арпалысқа толы намыспен әрленіп тұрған өкпесін сөз маржандарын тізбектей отыра жазған! Бесінші абзацтағы «Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықты әкелуде,олар жерді еркін иемденуде,олар ауыл болып келсе,қазақтарды ұрып соғып,мүліктерін тартып алуда» деп жазылған жеке ойында ресейдің отарлығы кезіндегі переселендерді қазақ ауылдарына орналастырып жатқан кезін көруге болады, сөйлемнің сарыны сездіргендей бұл жерде Міржәкең ызаға берілгендігі айқын көрінеді.Қазақ жерін,қазақтың жерін,қазағымның жерін көлденең келген көк атты отарына қосып жатыр деп ішкі наразылығын айқын жеткізе отыра сөйлемін былайша жалғайды «Қазақ жеріне бұл мұжықтарды несіне әкеледі, әлде Россияда жер аз ба?,Шұрайлы жерлері аз емес бірақ солардың көбі дворяндарында,помещиктерінде,олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес,ал аштан жүрген мқжықтардың сатып алуға шамасы жоқ,чиновниктер көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін бізге жіберуде ,бай қазақтары бұрынғыша өз жерінің қожасы бола бермек!Оны өздеріңіз білесіздер!» осы ойларында Міржекең қайран қазағына өз жерлеріне өзгені неліктен әкеліп жатқанын ашына айтады,олар өздеріне керек емес болған соң,өздерінің кедей мұжықтарын бізге жіберуде,олар оларға өз шұрайлы жерлерін бергісі келмейді,ал сорлы қазақтың өнімді жерлерін оларға тартып әперуде,жерлері жоқ емес бар,бірақ олар қазақтың жерін алуда бұл басынушылық деп кектенген тілмен жеткізседе артынша «қазақ жері қазақтікі болып қала береді» деп бір жағынан өзін басу айтып,бір жағынан өршіл қазақтың еш уақытта берілмейтінін жеткізеді!Артынша Мәржікең сол кездегі Думаны тіліне тиек ете отырып «Бірінші Думада депутаттар халықтың талап-тілегін білдіре отырып,бүкіл байлар мен қазына жеріне аштық пен жоқтыққа ұшыраған миллиондаған халықты қоныстандыру жөнінде зағ шығарып,байлар мен қазына,шіркеу жерін көркейтуге күш салатын адамдарға беру жөнінде айтты. Осы өзден кейін,Думаны қуып,таратып жіберді.» Думадағы белсенділердің халық жағдайын ескере отыра олармен біресе әрекет етіп,олардыңда жағдайына кіріп,қоныстандыруда арнайы заң қабылдау керек деп сөз сөйлегендердің көптігінен қауіптеніп бүтін бір Думаны таратып жібергенін,патша самодержавасын қазақ халқы алаңдатпайтынын,олардың қазаққа деген ұлт ретінде,тіпті адам ретінде көз-қараспен қарамайтынын,Россия қазақ халқын шыбын құрлы көрмейтінін тебірене жазады.Осы сөйлемдерден қазаққа жаны ашыған жандардыңда Думада болғанын аңғаруға болады,бірақ көптің сөзі өтпейтін сұм патша әкімшілігінің билігінің қисапсыз мол екенінде аңғаратынымызда өкінішті!Ең соңғы абзацта жазылған мына бір сөздер «Бүкіл Россияны генералдарға бөліп берді.Соғыс жағдайын енгізіп, 87 статья бойынша әр жерлерде дала соттарын құрды.Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен,тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып,атылып кетті.Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр,немесе түрмелерде отыр»  осыны оқыған әр қазақ намысымен арпалысатыны анық!Бұл жерлерде автор Думаны таратқаннан кейінгі елде болған өзгерістерді айта отыра,дала соттарының олқылығын яқи озбырлығын айқын көрсетеді. Елім деп белсенділік танытқандарды дұрыс бұрыстығына қарамастан түрмелерге қаматып,қаншама боздақтың,қаншама ұлт жанашырының өліміне себепкер болғанын,мына сұм патша самодержавасының асыл қазаққа аяғынан тұруға күш бермей жатқанын,бір батыр шықса басын шауып алып жатқанын әдбен халықты басынып алғанын ызалы бейнемен ашынада арланада жазады!Мақаланың соңы міне осылай ызалы Міржақыптың сөзімен аяқталады!Дәл осы мақала бүтін бір газеттің шығуын тоқтатты!Дәл осы мақала ұйқыда жатқан қазақты оятуға бағытталған үндеу болды.Дәл осы мақаладан Ресей шошынды!Дәл осы мақаладан Ресей қорықты!Себебі,дәл осы сынды мақала тағыда жарық  көрсе азулы қазақ ақыра ашуын көрсетіп,өзіне келген қайғыны мың еселеп кері қайтаратынын сезді және сол үшінде осы мақаладан соң газетті толығымен жаптырды!Осы кезекте қазақтың қолын байлап,көзін жапсада тілімен талайды түсіндіретінін озбырлар түсінді!Міржәкеңде түсінді,және ол сол бір ғана мақаласымен қазақ өз жерінен,өз дәстүрінен,өз дінінен,өз бостандығынан айырылып жатқанын жеткізе отыра бірлесе сол келген қасқыр терісіндегі қойды қой терісіндегі қасқыр болып құртуға шақырды!Мақала жазылған газет жабылсада,мақала жазылды және оқылды,көрер көз мақалыны көрді,мақаладағы түпкі мақсатты сезінді,көкейге түйді, ал оның дәлелі тарих!

«Біз қазақ мал баққан елміз,ешкңмге соқтықпай жай жатқан елміз» қанша қырғын көрсекте,қанша қайғыға кез болсақта біз қазақ мәңгіге қазақ ұлты болып қала береміз!Себебі бізде Міржәкеңдей асыл,өр ұлдарымызбен, қазақ тілі деген қаруымыз бар!Қолмен,күшпен келмей жатса қаламмен шимайлап – ақ мақсатқа жетеміз! «Біздің мақсатымыз» мақаласының мақсаты орындалды,дәлелі біздің Тәуелсіздігіміз!

 



Бөлісу: