Бүртүрлі бол
Бүртүрлі болудан қорықпа,
Санаңды қиялмен толықта.
Не ойлайды,не айтады басқалар
Бәрі бір жүре бер қалықта.
Миыңды қиялдан тазартпа,
Басқаға миыңды ауыртпа.
Әлемді өзіңе қаратта,
Аспанға шексіз қанатта.
Шексіздікті орнынан тұрғызба,
Арманыңды шыңнан құлатпа
Шыңға шықта,бұлт құшақта,
Қарғаны қасыңа жолатпа.
Өзіңді сүй,алға қарай қадамда
Мақсатыңмен шарла барлық ғаламға,
Бір орында үнсіз болып отырма
Сен жасайсың сиқыр күшті ғаламға.
Құласаң тұр,бәрін қайта бастауға,
Арманың сенің ұшан теңіз бойында
Дайын бол,түрлі қиын жағдайға,
Саяхатта тылсым күшті бақтарға.
Отыра берсең,жетпейсің қалауыңа
Сенің тіпті уақытың көп жұлдыз санауыңа.
Уақытыңды алтындай бағалашы
Миллион кітап болады оқып тастауыңа.
Қорықпа біреу тисе мияулама,
Қиялда но түк боссыз қиялдама.
Жылап қалып тағыда отырып қалма,
Мықты болып жүрсейші тек тигрлана.
Мінезіңді дұрыста,әлемге күліп қара,
Ешкімнің жүрегіне салма ауыр жара.
Ренжітпеші өзгені,өзіңді де,
Мейірім төк,көзіңнің қарасына.
Өмірің сенің таза екі қолыңда,
Басты рөлде өзіңсің,өз киноңда.
Бәрі қарап,жақсы үлгі алардай
Киноң сенің тек толсын жылулыққа.
Бастысы бақыт сыйла отбасыңа,
Көңіл бөл қасыңдағы достарыңа,
Мысығың болса оныда ұмытпашы
Қосып қой жылу сыйлар жан қатарына!
Оразалиева Ақниет