Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық,тақырыптық ерекшелігі

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық,тақырыптық ерекшелігі
жеке
блог

1.     Көп жыл өзгермеген сарын

2.     Әдеби аура

3.     Тақырыптар еркіндігі

4.     Журнал реті

5.     Мақалалардың атауын жазудағы тәсіл мен көлеміндегі еркіндік

6.     Мақалалардағы «әңгімелеуші» авторлығы

Бұлардың барлығын біз Республикалық әдеби-әлеуметтік журнал «Жұлдыз» журналын оқып,парағымызға түртіп алған. біздіңше «ерекшелігіне» енгізетін бөліктеріміз. Жұлдыз журналының сонаудан келе жатқан тарихы мен қазіргі әлеуметі баршаға аян.Күнделікті оқуда байқалмайтын,дегенменде журналды ерекшелейтін кішігірім детальдар кейде сол журналдың ойлық бейнесіне айналуы әсте мүмкін.Ендеше,көзімше әрі өзімше ерекшелігіне балаған детальдарға жеке дара тоқталсақ.

«Жұлдыз » журналының қазіргі халыққа беріп жатқан берері,бұрынғының жалғасы!Қысқалағанда ежелгі дәстүр! «Жұлдыз» журналының шыға бастағанына 90 астам жылдың жүзі болды. Сол жылдардың басында басталған «хикаяттар мен әңгімелерді жариялау» дәстүрі әлі жалғасып келеді.Сол баяғы жартас,түрленіп сол жартас болуда.Бұл журналдың көлеңкесінде тұрған ерекшелік.Әлі күнге дейін бір жолда жүру, әлі күнге дейін көп жыл өзгермеген сарыны журналдың ерекшеліктеріне қосқан бірінші кіші детальім. Журналда «Поэзия» «Проза» айдарларының жеке айдар ретінде алынуының өзі келесі детальімді айқындай түседі.Яғни,журналда әдеби аура басым.Алдыңғы айтқан екі айдардан бөлек,өзгеле айдарларда жазылған мақалалардың ¾ бөлігінде я әдеби туынды,я болмаса әдеби қайраткерлер шығармашылығы сөз болып жатады.Жалпылап алғанда журналды оқыған адам әдеби аураның тұңғиығына оңай енеді.Оған «Рахым БАЛАБИЕВ. АҚСАҚ ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ» «Нұрлан ОРАЗАЛИН. ҰЛТЫН СҮЮДІҢ ҮЛГІСІ» «Нұрлан СӘРСЕНБАЕВ. МҰҚАҒАЛИ «КҮНДЕЛІГІНЕ» ЗЕР САЛҒАНДА…» мақалаларын дәлел етуге болады.Үшеуі үш түрлі айдардан,дегенмен үшеуіндеде әдебиет жамылғысы бар,сол баяғи әдеби аура!Бұл – екінші ерекшелігі дей-міс!Бұдан бөлек үшінші ерекшелігіне тақырыптар еркіндігін қосар едім.Журналды оқу барысында көптеген тақырыптардың қозғалғанын анықтадым,яғни журналда арнайы көтеру керек бір тақырып жазылмайды,бұрынғы заман болсын қазіргі заман болсын,өзекті болсын,болмасын тақырыптар жазылуда,оған мысал ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтің сөзінің жазылуын,әдеби қайраткерлердің талқылануын,жазбалар туралы ойлар мен естеліктерді ұсынамын.Журналдың басқа журналдардан төртінші ерекшелігі оның айдарларының ретінде,өзіндік көз қарасым бойынша «Поэзия» «Проза» «Түркі дүниесі» «Жас толқын»айдарлары ерекше айқын айдарлар,ал «Сырсандық» «Сөз сәулесі» айдарларының өзгешелігінен ұқсастығы басым,бұл я кемшілігі,я өзгешелігі.Екі айдардада жазылған материалдар ұқсастығы айдардың екі бөлектігіне күмән туғызады.Журналдың мақалаларын оқи отыра,байқаған бір ерекшелігім,журнал редакторларының мақала атауын берер кезде адам атауын бас арыппен,ал тегі мен туындысын толықтай үлкен әріптермен жазады екен.(басым көпшілігі осылай жазылған)Оған мысал ретінде келесі мақалалаларды ұсынам:

«Нұрлан СӘРСЕНБАЕВ. МҰҚАҒАЛИ «КҮНДЕЛІГІНЕ» ЗЕР САЛҒАНДА…»

Шәрбану БЕЙСЕНОВА.  ҚЫЗАЙ АНА

Рамазан ТІЛЕУХАНОВ. АТАМНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Мағиза ҚҰНАПИЯҚЫЗЫ. ЖАПЫРАҚТАН ТАМАДЫ ТҰНЫҚ ӨЛЕҢ…

Осылардың барлығында адам аты бас әріппен,қалғандары толықтай,барлық сөз бас әріппен жазылғаны аңғаруға болады.Бұлда бір ерекшелік (редакторлардың жазу ерекшелігі).Бұдан бөлек журналда мақалалар мен жарық көру тиіс туындылар көлемі әрқалай,нақты шектеуі жоқ екенін аңғаруға болады.Ал, өзге жазушылар шығармашылығы туралы жазылған мақалаларда,мысалы 2020 жылы 13 мамырда жарық көрген «Нұрлан ОРАЗАЛИН. ҰЛТЫН СҮЮДІҢ ҮЛГІСІ» -нде автор «әңгімелеуші» кейпінде жазған.Яғни ауызша өзге тұлғаға өз естелігінен айып тұрған бейне тұлғасында.Бұл тек,осы мақалада ғана емес,журналдың өзгеде мақалалары осы сарында жазылған.Оқып отырып,әңгіме тыңдап отырған күйге енесің,бұлда бір өзгешелік дей-міс.Қарап тұрсаң журналда сөзге тиек етер ерекшеліктер мол.Оған «Сөз –сәулесі» айдарындағы «Ғақлия» да Абайдың қара сөздерін тұрақты түрде болатынын және сол секілді талай өзгешелікті саралап жаза беруге болады.Біз айтып,төбеден құймай-ақ дүйім жұртқа «Жұлдыз» дың шоқтығы биік.Қазақтың баспасында сардардай болған бұл журналдың ғұмырының әлі күнге дейін жалғасуының өзі оның жұлдыздай биік көкте жарқырар әсем журнал екенін аңғартады.Қазақ баспасында «Жұлдыз» журналының алар орны айрықша.Қазаққа қазақтың қара тілін қарапайым қаріптермен қара қазанға құйып,қазақтың қара баласына қасықтап қарнын қампитып отырған бұл журнал әліде ұзақ ғұмыр сүрері анық!