Блогқа не жазамын?

 Блог деген не? Блогқа не жазамын? Соңғы кездері «Массагетте» блогтар көптеп жазылып жүр. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Блогтардан бұрын шаблонды, шығарма блогтар көптеп жазылып кетті. Блог – бұл былайша айтқанда электронды күнделік. Онда сіз әдебиеттен берілген шығарманы емес, қоғамды толғандырған, өзіңіз түсінген, түйген мәселелерді жазасыз.

 Жаңа интерактивтік ресурс арқылы сұхбаттасу және кері байланыс орнату кез-келген әкімнің және мемлекеттік органдардың басшыларының міндеті болып саналады. Міне сол себепті техниканың даму заманында жұмысты бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға әрбір блогтың пайдасы зор. Әр тұрғын толғандырған сұрақтары мен тілегін блок арқылы қалдырып, ой-пікірлерін бөлісуге блог бірден-бір таптырмас жүйе.

 Халық пен билік арасындағы кемшілік жойылып, жұмыстың сапасы мен нәтижесі жақсара түседі. Сонымен қатар мемлекетімізде әртүрлі облыстарға қарасты аудан басшылары, басқарма басшыларының парақшасына кіріп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіншілік бар. Міне, солардың бірі Павлодар облысы әкімдігінің ресми блогы жайында айтсақ. Ресми блог – платформасында бірнеше пунктер көрсетілген. Олар: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік биімдеу, халықты жұмыспен қамту, экономика және қаржы сол сияқты тағы басқа маңызды санаттар көрсетілген. Атаулы санаттардың бірі халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша Павлодар тұрғыны Б.Шортанбай өзінің блог арқылы тұрғылықты  жұмысқа орналасқаны үшін атаулы облыс әкімі Б. Жақауовқа ілтипатын білдірген. Тағы бір экология мәселесіне қатысты Туғанов атты тұрғын әкімге алдын-ала су тасқыны болмау шараларын ескертіп, хат жолдаған. Міне осындай әлеуметтік маңызы бар проблемалық және алғыс түріндегі бірнеше хаттар тізбегін әкім блогынан көре алдық.

 Жамбыл облысы әкімдігінің блог тұғырнамасына облысы әкімінен бастап, аудан әкімдерінің атына жазылған ұсыныс-пікірлерден хабардар бола алдық. Соның бірі Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевтың атына Құмшағал тұрғындарының атынан жолданған мына төмендегі мәтінде көрсетілген хатты оқи алдық.

 «Осы аймақтағы тұрғындарымыздың есінен кетпес аңсап-армандаған көгілдір отынмен қашан қамтамасыз етесіздер. Бұл мәселе келер жылдың еншісінде шешілер ме? – деген тілегіміз бар» - деп халық атынан жолданған. Тағы бір хатта Тараз қаласы мектептерінің бір топ ұстаздарының атынан берілген арыз-шағымдарын да байқадық. Міне блог дегеніміз тікелей басшы мен қарапайым халықты байланысқа түсіріп, көкейдегі сұраққа тұщымды жауап алуға зор мүмкіндік.

 Осындай облыс басшылары мен аудан басшыларының атына жолданған хаттар легін арнайы сілтеме арқылы басшылардың блогына кіріп, халықтың толғандырған ой-пікірлерін оқи алдық. Бұл блог деген халықпенен билік басшылары арасындағы байланыс көпір іспеттес. Техника мен  ақпараттың дамыған заманында журналистер үшін де дер кезінде ақпарат беруге блог таптырмас мүмкіндік десек артық айтпағанымыз.

 

Н.Иенберген,

Журналистика және саясаттану

факультетінің 2 курс студенті.



Бөлісу: