БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ
блог
Қазір 21 ғасыр «білімділер дәуірі». Білімің болса бәріне жете аласың, білімсіз болсаң жолда қаларсың. Әр адам өзі қалап, ілім алуы тиіс. Егер біз сауатты да ақылды бола білсек, ата-анамызға бұл жақсы әсер ететін болады. Онымен қоса еліміздің дамуына да үлкен үлес қосады.
Бізге қазіргі уақытта керегі тек Білімді болу ғана. Сен мейлі бай бол, атақты бол дегенмен білімсіз сен ешкімде емессің! Білімің болса кез келген жерді міндетті түрде тесіп шығасың. Білімді ұрпақ-ертеңіміздің жетістігі. Әр адам ең бірінші орынға үнемі Білім алуды қою керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын адам ғана табысқа да арманына да жетеді. Білімің болсын биік шыңдай, деп халқымыз бекер айтпаған. Атақтың, даңқтың бәрі тек ой санамыз, яғни білім арқылы келеді. Ең асыл қазыналардың бірі бұл әрине-білім. Білім адамзат тіршілігінің бастауы. Күнделікті өмірде біз түрлі жағдайларға түсіп жатамыз. Оны шешу үшін бізге ойлам қажет болады. Міне, тіпті жай ғана қарапайым нәрселер үшін білімнің өмірдегі орны ерекше.
Сол себептен білімді болу керексің. Өмір сүруіміздің ең басты бөлігі-білім алу. Сол себептен мектептен де, өмірден де сабақ ала білейік. Білім нәрімен сусындаған адам еш уақытта жолда қалмайды.