Қазақстың бас ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің қара сөздерінде «толық» адамның нақыт сипаттамасын берген. Бұл ойлау деңгейімен бағаланып, түсіну ерекшеліктерімен өзгешеленген. Осы тұрғыда «тұлға болу» ұғымын да естен шығармаған абзал. Яғни, тұлға болу үшін толық адамның қасиеттерін меңгеру керек. Халқымыздың «бос кеуде» ұғымы да осы тақырыппен тікелей байланысты. Ел болашғы жастардың қолында деген сөзді естіп жүргенімізге көп болғаны сонша, жаттанды тіркеске айналып кетті. Ендеше ел болашағын ұстайтын жастар қандай болуы керек деген сұрақтың жауабын тауып көрейік.
Толық адам болудың жолын Абай былай сипайттайды:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек.
Ақыл, қайрат, жүрек бұл үштік біздің тірегіміз деседе болады. Ал оның мықты болуы үшін не істеу керек? Тарих беттерінде есімі қалған ойшылдар мен даналар жетерлік. Оларды асқалардан өзгеше еткен – ақылы. Ал ақыл дегеніміз не? Ақыл – адамның зейінділігімен өлшенетін интелектінің деңгейі десем келісесіз бе? Қазақ халқы ақыл-ой туралы біршама деректер мен дәйектер келтірген. Сондықтан бұл тіркестің мағынасын ашып айтпасақ та, түсінікті екені анық.
«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» демекші, адам баласы ес білгеннен оқуға, ілімге аяқ басады. Ал оны әрі қарай жалғастырып, өзіндік орныңды табу әркімнің өз шешімі. Мен ұлт болашағы «білімді» жастаржың қолында деген тіркесті жөн көремін. Иә, білім біздің жарық күніміз, сенімді болашағымыз, жарқын келешегіміз. Ал білім сапасын көтеру мемлекет үшін ең маңызды мәселелердің бірі.
Қасіретті қаңтар оқиғасына байланысты мәжіліс отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта бұл мәселенің маңызын атап өтті. 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жүктелді. Бұл еліміздегі білім сапасын көтеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті мамандар тәрбиелеу үшін жасалған нық қадамдардың бірі болмақ.
Жоғарғы оқу орнының өмірімізде алар орны мен тигізер әсері біршама ауқымды. Өйткені алтын ұясынан түлеп ұшқан түлектердің үлкен өмірге аяұ басарда жасаған алғашқы қадамдары осы. Бұл таңдау алдағы өміріне тікелей әсер етеді. Себебі, университет қабырғасында тек қана білім алып қана қоймай жеке тұлға ретінде қалыптасады. Бұл тұрғыда ЖОО-ның студенттермен жасалатын жұмыстары үлкен рөлге ие. Жеке қызығушылықтары мен иекемлеріне қарай белсенді болыпғ қоғам өміріне араласа бастағаны абзал. Сонда ол коммуникацияға бейім, өзінің ойы мен пікірін ашық айтуға үйренеді. Оқу үйренуден тұрады. Ол үйрету қамқорлықпен жасалғаны жақсы. Бұл тұрғыда ұстаздардың алар орны ерекше. Қайдан қайда келген толық түсінбеген небәрі 17-18 жасар балғындардың баптаушысы да, бақылаушысы да университет ұжымы.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тәмсіл де тегін емес. Мен осы тұрғыды 90 жылға жуық тарихы бар киелі қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім жүйесінің ерекшелігін атап өткім келеді. 15 факультетті біріктірген білім ордасы оқушының студенттік өмірге бейімделуі үшін барынша қажетті жағдай жасаған. Ең алдымен сапалы білім беруден бөлек ыңғайлы өмір сүру мүмкіндігін қалыптастырған.
ҚазҰУ қалашығы – студенттердің екінші үйіне арналған орын. Тіпті қала тұрғындары да Алматаудың етегіндегі көз тартар сұлулықты көзбен көру үшін арнайы келіп тұрады. Бұл жерде – кітапхана, спорт кешені, студенттерге қызмет көрсету орталығы, интернет орталығы орналасқан. Ең қолайлы тұсы жатақханаларды қалашық аумағына кірген. Аты айтқандай Алаты шаһаоының ішіндегі кішкентай қалашық. Ал оынң тұрғындары елінің болашағы үшін қадам жасап, пайдалы болуға талпынған болашақ мамандар.
«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – қажетті қызмет түрінің барлығын біріктірген орталық. Бұл қала кептелісіне тәуелсіз, әрі көпфункциялылығымен ерекшеленнеді.
Әл-Фараби атындағы кітапхана – қала көлемінде кітап қоры бойынша көш бастап тұрған кітапханалардың бірі. Көпқабатты ғимаратта ғылыми кездесулер мен конференциялар өткізіліп, ғылым жолына аяқ басқан жас ғалымдардың тұсау кесіледі.
Сапалы білім бүгінгі күннің ең қажетті шикізаты. Ал одан игерілетін өнім «кәсіби маман» - нарықта үлкен сұранысқа ие. Бастысы білімді адамның деңгейі тек мөр басылған қағазбен өлшенбейтінін ұмытпау керек. Білімді адам мәдениетіліктің тұтқасына ие. Ол ел үшін аянбай еңбек етіп, өмір сүру сапасын арттырға үлес қосуы керек.
«Қазір той бойлайтын заман емес» деп үндеу жасаған президентіміздің де негізігі мақсаты білімге сенген заманда көш соңында қалмауымыз ғана. Абайдай алыптың дамуына үлес қосқан ұлт аналары – Зере мен Ұлжанның еңбегін ескеретін болсақ, білімде жыныс пен гендік ерекшелік жоқ екенін анық ұғамыз. Сондықтан барша отандастарымызды, жас ұрпақты білімді көкжиегін кеңейтуге шақырамын. «Мен жастарға сенемін» деп ұрандаған ата-бабаларымыздың армандаған күні біздің бүгініміз екенін естен шығармай, ел болашағы үшін еңбек етейік!
Қалқабаева Таңшолпан Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс магистранты