«Білім және еңбек» («Зерде») журналы

«Білім және еңбек» («Зерде») журналы
жеке
блог

      XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап ғылым саласында күрделі бетбұрыстар жасалды. Ғылым мен техника жаңалықтары елімізде кең көлемде шығарылып, осы бір салаға қызығушылық арта бастады. Ғылым мен техника саласында космосты игеру секілді алпауыт жаңалықтар жарқ етіп жатқан кезде қазақ жастарын ғылым мен техникаға баулу керек деген ой туындайды. Соның нәтижесінде осы тақырыптың өзекті мәселесін жазатын баспасөз керектігі ескерілді. Камал Смайыловтың атсалысуымен жаңа журнал дүниеге келеді. Журналды шығару барысында атқарылған еңбекті редактор былай еске алады: «Ол кезде барлығын Мәскеу шешетін. Қазақстан жағынан: «Бізге осылай жастарға арналған ғылыми-танымдық журнал керек»  дегенде, олар: «әзірге қаражат және қағаз тапшы. Сол үшін өздеріңдегі бір басылымды жаба тұрып, соның орнына шығарыңдар» деген шешім айтыпты.Сөйтіп, өзімізде бұрын шығып келе жатқан «Пионер» журналы жабылып, оның орнына осы «Білім және еңбек» журналы шығарылды».

       «Білім және еңбек» журналына оның алғашқы редакторы (1960-62), жазушы-публицист- Камал Смайыловтың сіңірген еңбегі зор. Мемлекет қайраткері 1932 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарлық ауылында дүниеге келген. 1954 жылғы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Еңбек жолын осы жылы «Лениншіл жас» («Жас Алаш»)  газетінің редакциясында бастаған. 15 публицистік-танымдық кітаптың, 350-ден аса очерктер мен мақалалардың авторы. «Білім және еңбек» журналы шығарылғанмен, ғылым, техника саласын түсініп жаза білетін журналистер тапшы болды. Журналистерді жинап, осы салада мақала жазуға бағыт-бағдар беріп үлгергенше журналдың алғашқы екі санының «Пионерден» өзгешелігі бола қоймады. К. Смайылов бұл тұрғыда, журналдың үшінші номерден бастап қолға алынынғандығын, редакция қатарына кен инженері Ш. Әбдірахманов, физик А. Қалығұлов, биолог Ж. Әбиев шақырылғандығын, олардың  жазуға біршама қабілеттері барын айтқан. Журналға 1962 жылдан бастап редактор Талап Сұлтанбеков болды.Ол журнал тиражын көтеру үшін оқушының ойын баурайтын қызықты мақалалар басудың, қазақ тілді тиянақты жазатын авторлар іздеудің, олардың меселін қайтармай жазуға машықтандырудың біраз қиыншылықтар әкелгенін жаза кетті. Оның тұсында журнал беті патриоттық сезімді оятатын мақалаларға, қазақ тарихында,ы елеусіз қалған есімдер жайлы материалдарға толы болды. 1970-80 жылдар аралығында журнал өз оқырмандарының түрлі білім саласына құштарлығын оятуды көздеді. Бұл саланы ғылыми-техникалық прогреспен үзеңгі қағыстыра жүріп дамытты. Осы жылы редакторлық еткен Қалдарбек Найманбаев әдебиетке аса мән берді.  1976 жылы фантаст-жазушы, ғалым-педагог Абдул-Хамит Мархабаев редакторлық етті. Ол бәрінен бұрын ғалымдарға назар аударды. Ғылымдағы жаңалық жаршыларының басын біріктіруге күш салды. «Туған топырақтың академиктері» деген айдармен очерктер беріп отырған.

    «Білім және еңбек» мақалаларының мазмұны ғылыми жаңалықтарға толы болғаны белгілі. 1962 жылы тарихта тұңғыш рет Әбу Насыр әл-Фараби қазақша танылып, жарияланған еді. Сол жылдары Ақжан Машановтың алғы сөзімен өзі аударған Әл-Фарабидің «Үйрену туралы» атты еңбегі жарияланды.  Журналға белгілі этнограф Жағда Бабалықұлының «Қаракемік» атты мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақалада ғасырлар бойы төрт-түлік малды тіршілігіне тірек еткен халқымыздың мол тәжірибесі жинақталған.  Қазақстанның мал басын көбейту мәселесіне осы мақала көмегін тигізіп, нүктесін қойды. 

      1987 жылдан бастап «Зерде» деп аталған журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтары мен таныстыру, жұмбақ дүниедегі адамға бұрын-соңды мәлім болған ғажайыптар туралы айтып беру, сол арқылы жасөспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында ерен еңбек етті. Журнал көбінесе мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын жариялайды. “Зерденің”1995 жылғы бір сананда Хасен Қожа – Ахметтің “Біз демократияны білеміз бе?”Б.Шланованың “Шешендік тәлім-тәрбие” Ә.Оразалиеваның “П.Н. Милиоранскиидің қазақ тілін зертеуі”, Б.Тлепиннің “Шопан ата”, “Сексек ата”  атты танымдық мақалалары жарияланған.