Б.Кенжебаевтың газет әлеміне қосқан үлесі

Б.Кенжебаевтың газет әлеміне қосқан үлесі
жеке
блог

       Б.Кенжебаевтың газет әлеміне қосқан үлесі


   “Қазақ” газеті зерттелуіне өзінің орасан үлесін қосқан, қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде алғашқылардың қатарынан ойып тұрып орын алатын тұлғалы ғалымдардың бірі - Б.Кенжебаевтың еңбектері. Оның зерттеулері бүгінгі талап тұрысынан шындықты бүркемелегендей болып көрінгенмен, астары теңіздің түбіндей терең. 
   Бейсембай Кенжебаев - қазақ баспасөзі тарихы тақырыбында тұңғыш рет еңбек жазып, тыңнан түрен тартқан, соқтықпалы соқпақсыз өмір жылының ыстығына да күйген, суығына да тоңған, алайда алған бағытынан қайтпаған үлкен ғалым, айтулы азамат. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Бөген өзені бойындағы өңірінен болып табылады. Б.Кенжебаевтың ілгерілеу басқан қадамы, зерттеу ерекшелігіне шығарманың ішкі жүйесіне, әсіресе композициялық құрылысына зер салып назар аударатынын жатқызуымызға болады.

 Қазақ әдеби сынының тарихына да еңбек еткен ғалым шындықпен суарылған, шеберлікпен жазылған еңбектерін қызыға оқитынымыз хақ. Тың ғылыми ізденістер барысында қазақ əдебиеті тарихын тарихи сабақтастық тұрғысынан зерттеудің жаңа бағыты айқындалған. Оны қозғаушы күші əдебиетші Бейсенбай Кенжебаев ғылыми еңбектерінен қазіргі əдебиеттанудың басты бағытын айқындап берді. Б.Кенжебаевтың «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері» еңбегі ғалымның əдебиет тарихын дəуірлеудегі өз ұстанымына деген ғылыми адалдығын жəне де  оны жетекші орынға шығаруды діттеуі өмірлік мұраты болғанын көрсете білді.

   Жалпы, газет – ақпарат жеткізіп, үлгі-насихат тарататын орган. Әр мақаласының мағыналарына үңіліп қарасақ, астарлы ойларды байқаймыз. Және сол газет әлемінде Б.Кенжебаевтың орны ерекше! Бізге сол заманда да айтыла-айтыла әбден жауыр болған саяси айыптауларды қайталай отырып,  қалың қазақтың қамқоршысы болған газет-журналдардың, тым болмаса, аты жаңа ұрпақтың құлағына сіңгенін қалаған үшін Б.Кенжебаевқа алғысымызды айтып, басымызды иеміз!