Бесіктен белі шықпаған баланың түрлі техникаларға құмар болуы кімнің жіберген қателігі?

Бесіктен белі шықпаған баланың түрлі техникаларға құмар болуы кімнің жіберген қателігі?
жеке
блог

Адам баласы өз ортасына қарап бой түзейді. Қазіргі заман талабы болуы керек, бүгінгі күнде әлі бесіктен белі шықпаған бала заманауи техниканы жетік меңгерген. Бұл сөздерді он жыл бұрын естегенде өз құлақтарымызға өзіміз сенбесек едік сірә. Бірақ заман өзгерді, ғаламтор, смартфон деген түсініктер пайда болды. Өзініз байқаған шығарсыз қазіргі бүлдіршіндер өте ақылды. Балалар өз беттерімен қалта телефондағы әртүрлі ойындарды ойнай алады, онымен қоймай суретке түсуге де үлгереді.

Бірақ өкінішке орай бұл жағдайдың теріс жақтары бар деседі. Көптеген ата-аналар балалар күн ұзағына планшетпен немесе смартфонмен айырылыспайды дейді. Барлығы бір ауызбен түрлі заманауи техникаларды кіңәлайды. Бірақ сіз оған келісесіз бе? Бұл жағдайда кім кінәлі? Баланың өзі ме немесе шыныменде заманауи техникалар ма?

Менің ойымша бұл жағдайда тек ата-ана жауапқа тартылуы тиіс. Ащы болса да шындық, қазіргі ата-аналар баланы тәрбиелеуге әлі де дайын емес. Барлықтарыныз білетің шығарсыз, үлкендерге қарағанда баланың энергиясы мен өмірге деген құлшынысы көп. Үйдің ішінде қамалып отырған бала далаға серуенге шыққысы келеді. Бірақ көп жағдайда бүлдіршіннің әке-шешесінің қолы блсамайды. Баланың мазасы кетеді, ол жылай бастайды. Сондықтан да, көптеген ата ана өз балаларын сматфондарын беру арқылы тыныштандырады. Әрине бұл тек бір мысал. Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ дәлірірек осындай жағдаяттар өмірде көп кездеседі...

...Сөзімді қорытындылай келе айтқым келгені, құрметті ата-аналар ешқандай күнәсі жоқ жансыз техникаға жала жабудың алдында өздерініз жіберген қателіңтерінізге назар аударуды сұраймын. Себебі,  сіздердің жіберген қателіктерініз баланың болашағына кері әсер етіуі мүмкін. Назарларыңызға рахмет!