Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес
блог
Кей адамдардың пікірімен менің пікірім сәйкес келмейтіні өкінішті. Бәрі, "байлық"адам өмірінің бастысы десе, бірі, "қарапайымдылық" адам негізі дейді. Әр адамның өз ойы,пікірі болады және біз оны өзгерте алмаймыз. Мысалы, "машина,үйы бар,жағдайы да жақсы",-бай екені бірден көрініп тұр дейтіндермен мүлдем келіспеймін. Жалпы, өзімді мен бай адамдар қатарына жатқыза аламын. Қаржат жағынан айтқаным емес. Аллах Тағала берген әлемді көретін екі көзім бар. Адамдармен тіл табысатын ернім бар,он екі мүшем сау. Айтыңыздаршы,неге қолда бардын қадірін білмеске? Адамның жүрегінде иман,адамгершілік бар болса, рухани байлығы жоғары адамдарды неге бай адамдардың нағыз өзі демеске? Естеріңізде ме Ыбырай Алтынсарин атамыздың айтып кеткені? "Азған елдің байлары","Азған елдің молдалары","Азған елдің билері","Азған елдің хандар" атты өлеңдерінде адамның қандай болуы керектігін ойландыратын өлеңдер жазып кеткен.Айта кетсек "Азған елдің хандары" тақ үстінде отырып,әділеттіктен таяды,жарлыдан алып байға беретіндігін айтқан.Ал,"Азған елдің байлары"Құдайдан қорқып қайыр- садақа берудің орнына малы бар дәулеттлерді қолпаштайды, орайы келсе,ұрлықпен мал табуды көздейді,міне, осылай парақор билерді сынығын болатын. "Аққа Құдай жақ" екендігін ақын уағыздайды."Дін жолы-әділет жолы" екендіген насихаттайды.
Ақша қолдың кірі емес пе? Бүгін бар болса,ертең жоқ. Қанша сақтағанымен бізге атақ,абырой әкелмейді.Имандылықты жүрегімізде сақтаасақ,мәңгі жүрегңмізде қалар еді.
Адам баласы болғандықтан кейін әділетті болуға,қоршаған ортамызға мейірімділікпен қарауға шақырар едім.Көмегіміз зәру адамдарға көмек көрсету нұр үстінен нұр болар еді.