Байқоңырдағы мектептердің білім беру жүйесі Ресей еліне бағынғаны рас. https://www.youtube.com/watch?v=PVm7f3yTbFA Бірақ, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқоңырдағы 13 мектептің алтауы Қазақстанның білім беру жүйесіне ауысты.
https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=ru/content/baykonur-0 Оған дәлел Қызылорда облысының әкімдігінің сайтында 13 мектептің алтауы қазақ тілінде оқытылатындығы көрсетілген.
Яғни, Байқоңырда қазақ тілді білім беретін мектептер толықтай Қазақстанның, ал орыс тілді мектептер Ресейдің білім беру жүйесіне бағынады.
2. Байқоңырда орыс азаматтары қазақтардан көп емес
Байқоңырды Ресей жалға алса да, ол қалада қазақ тұрғындары басымырақ. Оған дәлел https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=ru/content/baykonur-0
Қызылорда облысының әкімдігінің сайтында Байқоңырда 70 мыңнан астам адам тұратындығы көрсетілген. Оның ішінде 41574 Қазақстанның, ал 26 419 Ресей Федерациясының азаматтары.
3. Жалақыны рубльмен және теңгемен алады
Байқоңырда қазіргі уақытта жалақыны рубльмен алатындар бар. Оған дәлел, https://www.baikonuradm.ru/index.php?mod=5493 Байқоңыр қаласының әкімдігінің ресми сайтында, сол қалада жұмыс жасайтын әртүрлі қызметкерлердің орташа жалақысы рубльмен көрсетілген.
2015 жылдың қыркүйек айына дейін, қазақ мектептерінде жұмыс жасайтындар рубльмен жалақы алатын. Білім беру жүйесі Қазақстанға ауысқан соң, қазіргі таңда қазақ тілді мектептердің мұғалімдері теңгемен алады. Яғни, Ресейге қатысы бар ұйымдарда жұмыс атқаратын қызметкерлердің барлығы рубльмен алады.
4. Зымыран ұшатын жер Байқоңырдың жанында
Байқоңыр қаласы бөлек, ал зымыран ұшырылатын жер Байқоңырдың сыртында орналасқан. Ол «Космодром Байконур» деп аталады.
Байқоңыр қаласынан ара-қашықтығы 41,1 қашықтықты құрайды.
5. Байқоңырда қазақ тілі және қазақ әдебиеті оқытылады
2015 жылы қазақ мектептері толықтай Қазақстанның білім беру жүйесіне көшпей тұрған кезде де, қазақ тілі және қазақстан тарихы пәндері оқытылды. Оған дәлел https://www.inform.kz/kz/baykonyrdagy-kazak-mektepterinin-barlygyn-resey-karzhylandyryp-otyr_a2241518 2010 жылы 23 ақпанда өткен ҚР Парламент Мәжілістерінде «ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Сол жиналыста Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Байқоңырдағы алты қазақ мектебінде: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы пән ретінде енгізіліп, оқытылып жатқанын министрліктің өкілі айтып кетті.
6. Байқоңыр мектеп оқушылары ҰБТ тапсырады
Байқоңырдың мектеп түлектері ҰБТ-ны толықтай тапсырады. Оған дәлел Байқоңыр әкімдігінің ресми сайтында https://www.baikonuradm.ru/index.php?mod=all/news&page=458&ID=1416 мектеп түлектерінің ҰБТ тапсыратындығы көрсетілген.
Қала әкімдігінің тағы бір жаңалығында https://www.baikonuradm.ru/index.php?mod=all/news&page=446&ID=952 қала басшысы болған Александр Мезенцев, ҰБТ тапсырып болған түлектердің құттықтау шарасына қатысқандығы да айтылған.
Қызылорданың облыстық «Сыр бойы» газетінде 2017 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша, Байқоңырдың жеке статистикаға алынғандығын айта кетейік. https://syrboyi.kz/negizginews/12158-bt-2017-orytyndysy-belgl-boldy.html