Батыс көрген

LOOKİNG WEST
A KAZAKH'S VİEW OF GREAT BRİTAİN
БАТЫС КӨРГЕН.
ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚТЫҢ КӨЗІМЕН
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған @qanattan ағамның бұл еңбегі жастарға арналған кітап деуге толық негіз бар. Кітап жайлы өз пікіріммен бөліссем. Бұл еңбектің журналистік көзқараспен, Абайша айтқанда тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей тамаша жазылған. Болашақ түлектерінің тілекші сөздерінен бастау алып, Елбасының жолдауынан үзінділерде әдемі үйлесім тапқан. XXІ-ші ғасыр білімнің озық технологияның ғасыры екені анық. Ал ағылшын тілі бізге сол білімді, технологияны меңгеру үшін аса қажет. Бұл жайлы кітапта толық түсіндірілген. Бізге қарағанда Англияның сәл озық екені рас. Десекте алдағы уақытта біздің елде дамудың өз даңғылын қалыптастыратыны анық. Ол үшін ең керегі білім алып, қажетінше сол білімді өзгелерге үйрету. Жалпы кітапта екі елді салыстыра, екі елдің артықшылықтарымен кемшің тұстарында жазуды ұмытпаған. Ең бастысы қарапайым қағиданы бұзбай, былайша айтқанда Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай екеуінде тең ұстап өз деңгейінде оқырманға жеткізіп жазған. Автордың негізгі идеясы жастарды білім алуға, тіл үйренуге, Болашақ бағдарламасына ауыл жастарын көптеп тартуға талпыныс жасайды. Кітаптың Ағылшын-Қазақ тілінде жазылуы қазақ жастары үшін тамаша мотивация. Сіздергеде осы кітапты оқуға кеңес беремін. Оқыңыздар, өз пікірлеріңізді бөлісіңіздер! Қанат ағама осындай құнды еңбегі үшін алғыс білдіремін!!! Алдағы уақытта бұданда артық етіп кітап жазарына сенімім кәміл. Іске сәт. Шығармашылық шабыт тілеймін!


Бөлісу: