Барымызды бағалайық!

Барымызды бағалайық!
жеке
блог

          Бәріміз де әйтеуір бір нәрсе қалаймыз. Армандаймыз. Мақсат қойамыз. Бірақ кейбіріміз барға қанағат етудің орнына, бар күшіміз бен қайрат жігерімізді, денсаулығымызды түкке тұрғысыз нәрселерге қыйып жататынымыз рас.

       Көбіміздің бел жазатын, тынығатын үйіміз бар. Бірақ соны қанағат етпей қаланың дәл ортасынан не ең жаңа үйді армандап, несиеге батып, күш қуаты мен бар қуанышын сол арманның жетегінде жүріп, өмірінің 10-15 жылын соған жоғалтады. Ал егер басқа жағынан ойлап қарасақ, сондай 1-2 бөлмелі үйге де қол жеткізе алмай жүрген адамдар қаншама. Барды қанағат етер болсақ қанша қуанышқа кенелер едік.

        Тағы бір мысал: Жас жігіт. Мода десе ішер асын қоюға дайын. Әсіресе аяқ-киім десең, одар жақсы білетін адам жоқ шығар. Күніне 5-6 ауыстырып киюге де дайын. Әрине ата-ансының арқасында. Сөйтіп бір күні ең жақсы көріп киетін кроссоғкасы темірге тіреліп жыртылып қалады. Сондағы жігіттің көңілінің түскенін-ай! Жақын адамы жоғалғандай қайғырып, жерге жығыла кетті. Біраз уақыттан кейін әлгі жігіттің жанынан екі аяғынан толық айырылған жас бала арбамен өтіп бара жатыр екен. Арбасы ескі, кірленген. Артында итеріп келе жатқан не досы не анасы жоқ. Өзі өзін қолымен алып, дөңгелектерін айналдырып шауып барады. Езуіндегі күлкі, шынайы қуанышы жігіттің жанарын жаулап алды. Сонда олл соған қарап біраз ой жүгіртсе керек. “Мен сол бір аяқ киімнің жыртылғанына қайғырмай, аяғымның саулығына қуанбаймын ба” — деген болар.