Бәлкім сізде піл шығарсыз?

Вконтакте әлеуметтік желісінен

        Бір жолы хайуанаттар саябағында пілдердің жанынан өтіп бара жатып, кенет пілдердің алдыңғы аяғына байланған жіңішке арқанды байқадым. Таңғалғаным, осыншалықты үлкен жануарлардың  сол жіңішке арқанды үзіп, босап шығуға талпынбағаны.  Ешқандай шынжыр немесе тор емес, жіңішке арқан. Пілдердің ол арқанды еш қиындықсыз үзіп кете алатыны айқын еді, бірақ олар бұны жасауға еш талпынбады.

         Мен бұл  пілдерге жауапты адамға келіп, осыншалықты алып әрі керемет жануарлардың босап шығуға әрекет жасамай  жай ғана қимылсыз тұрғанының себебін сұрадым. Ал ол кісі: «Пілдердің жас әрі денесі де қазіргіден әлдеқайда кішкентай  кезінде біз оларды дәл осы арқанмен байлаған болатынбыз. Ал қазір үлкейгеннің өзінде пілдерді ұстап тұруға сол арқанның өзі жеткілікті.  Олар үлкейе келе де, сол арқанның өздерін әлі күнге ұстап тұруға қауқары жететініне сенеді де, босап шығуға еш әрекет жасамайды» - деп жауап берді.

         Бұл таңқаларлық. Пілдер кез келген сәтте өздерінің «тұсауынан» босап шыға алады, бірақ олардың оны жасауына өздерінің кішкентайынан қалыптасқан сенімдері мүмкіндік бермейді. Сол себепті олар ол жерде еш талпыныссыз мәңгілік тұратыны белгілі.

Неліктен осы пілдер секілді біздің көбіміз бір кездері қолымыздан келмеген істің, бүгінгі күні де солай боларына қатты сенеміз?

Өз өмірінде  маңызды, шынайы қадам жасай отырып тұсаудан босап шығарына сенбейтін, бәлкім сізде піл шығарсыз?



Бөлісу: