Бала тәрбиесіне толғау.

Негізінен адам баласы өмірге жақсыда, жаманда, ақылдыда, ақымақта болып келмейді. Бәрі де тек қана адамның өзіне байланысты. Жақсы, ақылды жан болу үшін, анасы мен әкесі бесікте жатқан кезінен бастап, тәрбиелеп үйретіп отыруы шарт. Балаға әкесі ақыл, шешесі мейірім төгіп отыруы керек. Баласы әке-шешесінен осындай мейірімділік пен қамқорлыкты көріп, солай болуға өзін-өзі қалыптастырады немесе ұмтылады. Бірақ ата-анасы мейірімсіз, ақылсыз, ұқыпсыз болса баланы қанша тәрбиелесеңде бәрібірде қанына тартып тұруы мүмкін. Баласы жаман болып өссе, ол әке-шешесінің кінәсі де болуы ғажап емес. Өйткені балаға көңіл бөлмеуі отбасындағы қындықтарды немесе басқада мәселелерді баламен бірге шешпеуі, өйткені бала сол отбасында тұрып жатқандықтан, сол отбасының мүшесі ғой. Жәнеде баламен бірге, бір сәт ойын ойнап балаша болмауы, баланың кіммен араласып не істейтінін қадағалап бақылап отырмауы, бір сөзбен жеткізгенде балаға көңіл бөлмеуынен шығатын мәселелердің бірі.

Ал балаға көңілде бөлмей бетімен жіберсеңіз, бала тек қана өзін-өзі ойлайтын, ешкімге сенбейтін, тұйық, өзімшіл болып кетуі мүмкін. Солай-солай бала өзінің жақын адамдарын жат санап, ал бөгде адамдарды өзіне қас дұшпан ретінде көруі мүмкін. Және бала ақылсыз мейірімсіз болып өсуі-тек қана ата-анаға байланысты емес, өзінің екінші анасы ұстазына да тікелей байланысты. Ұстазы мен әке-шешесі ақыл беріп, мейірім төгіп отырса бала өмірдегі ғұламаларданда кем түспесі анық. Кәзіргі таңда балаға өз баласы ретінде қарайтын мейрімін төгіп, үйрететін ұстаздар кемде-кем деп ойлаймын. Ең жаманы бала ақылсыз мейрімсіз болып өскен соң, өтірік айтуды да үйрене бастайды. Өйткені әке-шешесі, ұстазы назар аудармаған соң, бала өз білгенін істеп жүре береді. Бала өтірік пен шындықты айыра алмайтындай қалге жетеді. Өтірік айтып үйренген бала-ұрлық жасай бастайды, содан кейін оңай ақша табуды үйрене бастайды, бір сөзбен айтқанда жеңіл пайданы ойлап кетеді.

Ал күндердің бір күнінде ата-анасы білген соң, баланың өзін кінәләй бастайда. Кейбір ата-аналар бар өзін-өзі кінәләп өткенге өкініп бармағын тістеп қалады, бірақ барлығы да кеш бала қайтадан кішкентай болып қалмайды ғой. Сондықтан өткенге өкініп қалмас үшін, осы бастан ақ балаға көңіл бөліп, баланың өмірінде не болып жақанынан хабардар болып жүруіңіз шарт. Балаға кішкентай емес ер азамат немесе бойжеткен ретінде тәрбиелеп, балаға жақсы мен жаманды айыруды үйрету қажет. Балаға шектен тыс қамқорлық жасаудың керегі жоқ, өйткені өскенде сіз оның жанында ылғый болмайсыз ғой. Сол кезде өмірдің сынағына төзеалмай қалады. Өзіне деген сенімсіздік күшті бола бастайды. Қәзірден балаңыздың тәрбиесін өз қолыңызға алыңыз, себебі ертең кеш болып қалмас үшін!



Бөлісу: