Бала ойы
блог
"Балапаным, бүгін сенің мерекең,
Жүзіңе күлкі үйрер, не қалайсың әперем?..."
Бала тұрып,мөлдіреген көзімен,
"аспанға ұшар тік ұшақ та,
көлік те керек емес,әпкетай!
Жо-жоқ бала арманы бұл емес...
Түн ұйқысын төрт бөліп, бесігімді тербеткен,
жан анам қасымнан табылсын дер ем."
Бала сөзі сабыр саясын ұялатып,
ыстық жас шығарды көзімнен.
Біраз тұрып, "әпкетай,білесің бе?
"Әкеге бағыну-Аллаға бағыну",- деген біздің пайғамбар.
Әкем-менің бәйтерегім.
әкем-менің асқар тауым.
қорғаным мен панам ғой!
Тік ұшақ та, көлік те керек емес,әпкетай!
Бала арманы бұл емес...
Шүкіршілік қылу керек бұл өмірде
қанағат етем,сансыз шүкір Аллаға.
Тек, екі жанды айыра көрме менен,жаратқан",- деп сыйынумен қалды балақай!
Жүрегімді елжіреткен,бала жауабы қуантты.
Ей,адамдар, ұмытпайықшы "қанағат" деген ұғымды.