Бұл өмірде бәрі де болады. Оған көніп, төзе білу керек. Өміруді дұрыс сүре білу де өнер!
Адамдар бірін бірі жамандауды жақсы көреді. Тура бір содан ләззат алатындай. Адамдар бір бірін жұлып жеуге дайын тұрады. Тура бір қолынан нанын тартып алғандай. Адамдар бір бірін көре алмайды, биікке шықсаң құлатуды ойлайды. Бір бірін өсектегенді, сөккенді жақсы көреді. НЕГЕ? Білмеймін...
Бүгін Жанар Дугалованың "Айта берсін" атты жаңа әнін тыңдадым. Ол тура осы көріністерді әнмен әдемілеп жеткізген. "Сен өзіңді алдайсың, арманыңа жете алмайсың дейді олар. Жұлдыз болып жанбайсың деп кемсітеді" делінген. Шыңға шыға алмайсың, сынға шыдамайсың дейді екен адамдар. Қолыңнан түк келмейді, тағдыр жеңіс бермейді, ең бірінші болмайсың дейді екен олар. Олар,олар, олар... Айта берсең толып жатыр. Олар сонша кім? КІМ? Ешкім де емес.
Мен туралы не айтсада бәрібір де. Мұңайуға еш себеп жоқ. Мұндай сөздер, керісінше күш береді екен. Адамдар не айтса да, өмір сүруді тоқтатпа. Сені талқылап жатса, демек сенің өскенің. Олардан әлде қайда жоғарыда болғаның. Жүегіңді ғана тыңда. Асар белестер әлі алда. Өмір ұзақ жол. Бәрі де өткінші. Есіңде болсын, бәрі де өткінші!
Айта берсін! Айта берсін жұрт! Бәрібір!