Қазақтың маңдайының бағы болған қос басылым Айқап журналы мен Қазақ газеті. Екі басылымды да өз заманында қаламмен шайқасқан, тілдері қылыш бола білген, елі үшін зор еңбегі сіңген азаматтар М.Сералин мен А.Байтұрсынов басқарған болатын. Қазақ баспа сөзі үшін Мұхамеджан Сералин негізін қалаған қазақтың алғашқы журналы - Айқап журналы ел үшін өте қымбат. Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен құрылған Алаш қайраткерлері еңбектерін жариялап отырған Қазақ газеті де халық жүрегінен ерекше орын ала білген. Ендеше халық игілігі үшін шығарылған Айқап пен Қазақ басылымдарының арасында қайшылық болған ба? М.Сералин мен А.Байтұрсынов бір-біріне араз болған ба? Бұл қауесет пе әлде шындық па?
Осы сауалдарға жауап берейік. Қос басылымда бірдей көзқараста болды деп айта алмаймыз, ойлары екі жақтан шыққан сәттері болған. Мысалы, Олардың съезд өткізетін кезінде және әліпби таңдайтын кездері де ойлары екі жақтан шыққан деседі. Ал алғашқы келіспеушік жер мәселесінен туған. Айқап: 1912 жылғы мақаласында Алаштың арда азаматы М.Сералин: «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол - оқу. Көшпеліліктен бас тартып, отырықшы боламыз. Отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады, егін егіп, басқа да шаруа түрлерін дамытады деп ашық пікір білдіреді» - деп өз пікірін білдіріп халықты отырықшы болуға шақырған. Ал Қазақ газеті болса қазаққа 15 десятинадан жер беріп, отырықшы қылудың артында патшалық Ресейдің құйтырқы саясаты жатқандығын айтады. Олар қазаққа осынша жер беру арқылы өздеріне көбірек қалдыру жағын ойлап отырғандығын айтып өзіндік көзқарасын білдіреді. Осылай халықтың мүддесі үшін құрылған егіз қозыдай басылым бір-біріне қырын қарап қалады. Деген қазақ зиялылары басқада ел үшін туған азаматтар бұл жағдайдың дұрыс емес екенін айтып қайта достасуды ұсынады. Осы жағдайда Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбегі зор, себебі 1915 жыл Айқап журналының №6 санында Қазақ газеті мен Айқап журналының арасындағы келіспеушілік ашып ақылдарын білдіреді. Елдің қамы үшін қызмет еткен бұл басылымдарды екі бағытта болды деуге қарсымыз. Таяқтың екі ұшы болатындай, қай нәрсенің болмасын екі жағы болады. Айқап айтқандай заманға сай елді отырықшыланып білім алғанымыз дұрыс. Десекте Қазақ газеті ұстанған көзқараста қате емес. Мал шаруашылығымен күн көріп отқан ел егін ексе барлық жер бірдей шұрайлы емес, халық аш қалады.
Қорытындылай айтқанда екі басылымның бұл ісі екі мақсатты ұстанғаны емес, бір мақсатқа жету жолындағы жолдардың түрлі болуы. Қазақта Айқапта қазақ елін алға сүйреген басылымдар. Сондықтанда оларды бір-біріне қарсы көзқараста болды деп айта алмаймыз.