Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел қанша ауырса да, көтеріп жүгіре береді. Ал еркек ауырса төсекті салып, аяқты ұзынынан салып, әдемілеп тұрып ыңылдап, нақышына келтіріп ауырады. Неге? Өйткені, оған қарайтын анасы бар, әйелі бар, мейірбан қызы бар.

Ал әйел адам олай ауыра алмайды, өйткені оның анасы басқа үйде. Сәл ауыра қалса күйеуі жүгіріп келеді де: "Айналайын, бәрімізді күйдірдің ғой! Тезірек жазылшы! Ана балаңның үсті кір-қожалақ, мына балаңның тамақ жемегеніне біраз болды, сабын жеп отыр, мынау тағы бірнәрсе істеп отыр..." дейді. Сонымен ауру қалады далада. Ауруды тастайды да, жүгіреді де жүреді. Жалған деңізші...?!



Бөлісу: