Автобустағы достық
блог
Сәлем Массагет оқырмандары! Мен сіздерге автобуста болған оқиғаны баяндамақшымын...
Анамыз екеуміз базардан анау-мынау заттар алып №1 автобусқа отырдық. Сол кезде бір жас жігіт келіп артқы орындыққа отырды. Осы кезде автобуста орнынан жылжыды.
Қасында бейтаныс жігіт жаңағы келген жігітке былай деді.
- Бауырым сағат неше болды айтып жберші.
Жай байыппын менсінбеген кейіп танытып.
- 3-тен 20 кетті – деді.
Рахмет бауырым! – деп жымиды.
Қасындағы ала сөмкесін көріп оған былай деді.
- Қайдан келе жатырсын?
- Үйден (әзілдеп) Оқудан келе жатырмын, не болды жай ма? Деп таңқалды.
- Жай әңгіме болсын дегенімғо, нешінші курс бітірдің?
- Осы жылы 2 курсты жақсы тәмандадым, бұйырса 3 курс оқимын! Өзің ше?
- Мен осы тұрып жатқан қалада оқимын 3 курс бітірдім!
- Ммм, дұрыс екен!
- Айтпақшы атын кім болады?
- Серік өзің?
- Мұрат, танысқаныма қуаныштымын!!!
- Менде – деді.
Міне осы кезде жаңағы оқудан келген жігіттің аялдамасы келіп қалған еді.
- О, менің аялдамам түсейін осы жерден. Ал жақсы аман бол.
- Жақсы, Сау бол достым! Деді.
Жігіт жол ақысын төледі де досына қол былғады!
Міне, менде түсіндім кез келген жерде кафеден, көшеден, автобустан барлық жерлерде достарынды табуға болады екен...