Аузы күйген үріп ішеді

Аузы күйген үріп ішеді
жеке
блог

"Аузы күйген үріп ішеді" - деген тіркесті айту, менің де басыма келген сияқты. Бір байқағаным, кейбір адамдар сені пайдаланғысы келеді екен. Әрине, бәрі сондай деп көпке топырақ шашпаймын, бірақ ондай адамдар жер бетінде бар. Адамды пайдаланамын дегенше, одан бес шақырым аулақ жүріңіз. Кейбір адамдар тіпті ұзақ уақытқа шейін білдірмейді арам пыйғылдарын. Адамға дұрыстап үңіліп қарасаңыз, әрбір жан ашылмаған әлем, шешілмеген жұмбақ. Әттең, адамдардың көбі қазір философиялық тұрғыдан ойлай отырып, материалдық тұрғыдан жобалайды барлығын. Әрбір адам ерекше, ерекше емес пенде жоқ. Өмірде бәрі де мүмкін екен. Кім ойлаған, 20 жасымда дизайнерлік талантым, ал 21 жасымда хореографиялық талантым ашылады деп. Ештемеге де таңқалмаңыз. Өмір әлі талай таңқалдырады сізді).

PS: күнделіктен үзінді