Ауылым-алтын бесігім
блог
Наурыздың 20-ыншы жұлдызында 300км ,24ауыл асулар мен шатқалдарды асып,Нағашы жұртыма қонаққа бардым.Әр күнім ертегідей өтті. Өте қызық. Екінші рет Наурыз мейрамын ауылды қарсы алдым. Концерт жүргізушілері ауыл апалары болды.Киіз үйлер тігіліп, наурыз көже іштік.Әр мөлтек(түсінуімше,топ)жарысып,концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Кішкентай қыздар би билеп,апалар ән салып,үлкен қуанышқа кенелдім.Ертесі Райымбек батырдың ескерткішін тамашалап,тариxқа толы мекенді саяxаттадым.Апамның барын салып,дайындаған дәмді тағамдарын жедім.Көрші Қарасаз аулына бардық. Нағашы апама деген сағынышымды басып, көріп көзайым болдым. Барын салып мені қарсы алғанына қатты қуандым. Әр күніме шүкірлік етемін. Уақытты сағаттап бос нәрсеге өткізгенше, жаныңа жақын жақсы жандармен бірге болайық,жақсы көретінімізді,біз үшін бағалы жандар екендігін жиі айтайық!