Ауылға асығайық

«Ауылым-алтын бесігім». Йа, шыныменде «ауыл» деген керемет сөзғой. Жаныңа жақын, ыстық мекен. Ал, сол ауылдың табиғаты мен қызу тіршілігін айтсаңызшы?! Басқа бір белгісіз, жұмбақ, жұмақ мекенінде жүргендей боласың. Бейне бір ғажайып ертегі әлемі секілді. Сол әлемнің табиғатын  өз көздеріңізбен көрмей, суын өз қолдарыңызбен ішпей, ауасын жұтпайынша ештеңе де сезінбестеріңіз анық арине. Ауылға деген шынайы махаббатыңыздың оянғанын сонда ғана түсінесіз. Бұл керемет сезімді басынан өткізген де, өткізбеген де арманда! Таңның атқанымен, күннің қалай батқанын да білмей қаласың-ау шіркін!

    

      Бәрімізден бұрын ертемен ағамыз тұрып қойын өріске жібереді,қораға сиырын байлайды. Жеңгелеріміз шелегін сайлап алып, сиырын әндетіп тұрып саууға кірісе кетеді. Сол сауған сүтті тартып, қаймағын алып, әдемілеп тұрып таңғы шайымызды ішеміз. Не деген керемет десеңші! Бұл шайдың дәмі ешқашан да аузыңнан кетпейтіндей. Әлемдегі ең тәтті шәй секілді көрінеді. Қайта – қайта ішкің келеді де тұрады. Сөйтіп, әр қайсымыздың күніміз жалғасын табады емес пе?! Әр уақытымыз ауылға деген сүйіспеншілікпен өтеді. Айналаға көз жүгіртіп қараңызшы. Әрбір тау-тасы,өзен-көлі,таң сәрімен оятатын қораздары,маңыраған қойларымен,мөңіреген сиырларына дейін керемет қой шіркін! Мұндай көріністі бұрын соңды еш жерден көрмегендей боласың...

   

      Алла Тағаланың құдіретінен жаралған ауыл табиғатына тамсанбау мүмкін емес. Тамсанып тұрып ән салмауда, әсте мүмкін емес! Жер бетіндегі әрбір жанның өмірінде естелікке, махаббатқа, мейірімге, сағынышқа толы кішкентай ғана сыйқырлы мекені барына сенемін. Ол мекен әрине, кіндік қанымыз тамған жер – ауылымыз, алтын бесігіміз. Бәрімізде сондай бір ауылдан шыққанымызды ұмытпасақ екен деймін. Қайткенмен  де топырағы құнарлы жер анамыздың жібермесі аныққой.

Ауылға асығайық...

 



Бөлісу: