Ата-ана қадірін ұғынып жүрміз бе?

  Жыл сайын жасыма жас қосылып, есейіп ес жиып,болашаққа бағдар жасап келе жатқаныммен, ата-анамның жүзіндегі әжімдердің күн сайын молайғанын көріп қатты қамығамын. Жылына екі рет ауылға барған сайын бұрынғыдан шаштарындағы ақтары көбейіп, еңселері түсіңкіреп қалғанын сезсем де, олардың қартайып бара жатқанына мойынсұнғым келмейтіндей.   Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, кейде бір сәт қоңырау соғып хал-жағдайларын білуге уақыт таппай жатамыз.Бұл күндер де зулап өтерін сезсек те, бұл заңдылыққа бағынғымыз келмейді. Соңғы кездері осы ойлар мені қатты мазалайтын болып жүр.Өмірде ешкіммен салыстырып теңеуге келмейтін,алмастыра алмайтын асылдарымыздың жүректері мәңгі соқса деп армандаймын. Бізді осы күнге жеткізген, әр жетістігіміздің себепкерлері болған ата-анамызға бар мейірім мен жылы сөз, ықылас пен назарымызды аямайықшы.Алладан атақ та даңқ та сұрамаймын,тек сол жандар аман жүрсе екен!Біздің бағымыз, жәннатымыз!


Бөлісу: