Ата-ана жайлы бірер ой

Ата-ана жайлы бірер ой
жеке
блог

Ата-ананың қадірін уақытында түсінген жан жоқ, сірә?! 

Көпке топырақ шашпаймын... дегенменде... ешкімде ата-анасын толығымен түсініп көрген емес...

Бұл сөздің түпкі мағынасы "ана-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің" деген сөзге саяды...

Шынында өзі балалы болмай жатып, яғни, ана, я әке атанбай жатып, ешкімде ата-ананың баласына деген махаббатын толық түсінген емес.

Ана-ана деген баға жетпес, орны толмас қазына ғой!

Сені шынайы жүрегімен, кіршіксіз махаббатпен сүйетін солар ғана...

Кейде бізге ата-анамыздың емес, өзгелердің сөзі маңыздырақ болып қалады. Бірақ кейін сол үшін өкінетініміз хақ.

Енді бірде қателіксіз адам жоқ деп жатамыз. Рас-ақ. Дегенмен біз әр жасаған қателігімізден сабақ алуымыз керек. Сол қателігімізді қайталамауымыз қажет. Алланың бұйырып отырған уақытында ата-ананың қадіріне жетейік!