Ата-әжеміздің қадірін білейік!

Құрметті Массагет! Бұл - менің алғашқы блогым! Блогтан бұрын... Менің алғашқы ой толғауым.

Қазір отбасым туралы көп ойланатын болдым. Неге екенін оқып отырып түсінетін боларсыздар. Менің ата-әжем 45 жыл отау құрған. Атам Cәдір (Серікқали) ауданымыздың ардақты ардагері, Обаға қарсы күрес мекемесінде көлік қызметкері, ал әжем Зинеш туберкулезге қарсы диспансерде дәрігер қызметін атқарған. Өздерінің бес қызымен қатар, аға-жеңгесінің он баласын оқытып-тоқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Олар етек-жеңдерін жинаған соң, немере-жиендерінде өсіріп, тәрбиелеген. Олардың бойында даналық, даралық қасиеті тұнып тұр. Атам ел арасында сыйлы, беделді адам еді.

Менің алыс-жақындағы достарым атамның 57 жыл көлік қызметкері болғанына сенбей «Атаң әкім бе?» деп сұрайтын. Мен: «Жоқ, ол біздің әулеттің әкімі» деймін. Оның бойындағы тектілік келбетінен-ақ көрініп тұратын. Атам биыл 26-мамырда дүниеден өтті. Басымнан бір сөз асырмай, еркелетіп өсірді. Ол «Адам бол!» деп бар тәрбиені бір ауыз сөзбен берген еді.

Ал әжем мектепте 15 баланы оқытқан. Мен 16-сымын. Оның ыстық алақанын, ыстық құшағын, ыстық нанын әлемнің ешбір құндысына айырбастай алмайын. Шаңырағымыздың ұйытқысы осы ата-әжелеріміз ғой. Кей достарым маған қызыға да қызғана да қарайды. Ата-әжелердің ғұмыры ұзақ, дендері сау болса, біздің де көңіліміз тоқ болары анық.



Бөлісу: