Астана мені қалай қарсы алды?

Астана - жас қала. Әзірше өзінің баяны жоқ, сонда да осы 3 жыл ішінде біраз жақсы жаман пікірлер толып қалды. Бұрын Оңтүстік Қазақстанда Түркістан, Кентау қалаларында тұрдым. Қандай керемет қалалар еді. Сол қалалар бір жанға жылу беретін еді. Тек балалық шақтықтан емес, адамдар бір керемет орта құрған секілді. Нағыз қазақша барлығы қазақша сөйлейді, басқа ұлт өкілдері қазақша сайрап тұрады.  

    Баяғыда сенбес едім әр қаланың өз көңіл-күйі бар дегенде бірақ соңғы жылдары осы Астана тұрғалы өмірім күрт өзгерді. Сол Алматыға ұқсап бара жатыр. Кілең ақшаны қуалаған, арамдық пен өтірікке толы. Бірден айта кетсем, Астана мен үшін жансыз көркем қала. Қаншама мысалдар бар, осыншама үлкен ғимараттарды кім үшін салып жатыр? Егер қазақ халқының барлығы сол ғимараттарға қанша ақша кетіп жатқанын білсе, өздерін қалай сезінеді. Қай жерде де жүрсем, осыларды халықтын ақшасына салып жатыр, сен де халықтын ақшасына оқып жатырсың дейді, яғни қазақ халқы бірге жинаған ақшасын түгел апарып бір қалаға жұмсауы керек па? Сонда да мүмкін осы ғимараттардың кейін пайдасы тиетін шығар. Астана қазіргі орналасқан жерінде бұрын соңды адамдар тұрмаған. Сондықтан еш бұрын өмір сүрген адамдардың рухтарын мазаламайтын шығар. Бірақ барібір де осы Астана маған сол Египеттің пирамидаларын салып жатқан іспетті. Егер ғимараттың қандай зор еңбекпен, асығыс үстінде салынып жатқанын көрсеңіз мүмкін сізде түсінер едіңіз.

    Бірақ мұнымен Астананың жақсы жақтары да бар. Бұл қала нағыз жұмыскерлердің қаласы дей аламын. Жаңа қаланың қай жерінде жүрсең де қоғамға пайдалы мекемелер, тамақ орындары, дүкендер, қызмет-көрсету орындарымен толы. Керемет сұлу ғимараттарды көргенде бір жаның түршігіп, керемет сезімге бой алып, тамсанып қаласын. Қорыта айтсам, өз қалама деген сағынышымды осы жазу арқылы білдірдім деп ойлаймын. Астана дами берсін, болашақта керемет қазақ бейнесіне айналар деп ойлаймын. 



Бөлісу: