Әскерге аттанып, жер қойнауына жастанып жатқан жастар

Иә, аталмыш тақырып бүгінгі күннің ащы шындығы. Қазақстандай- отанымыз тәуелсіздік тұғырының 30 жылдық мінбесінде, шүкір. Әрбір зайырлы мемлекет өз туған жерінің топырағын қорғауға міндетті және қорғайды да. Тәуелсіздік сол үшін де қажет. Қорғаудың да түр-түрі бар: мәдени, әдеби, біліммен, шикізат көзімен алға жылжып туған жерді қорғайды, оның ішіндегі ең маңызды қорғау ол-әскери жасақпен, мықты білікпен қорғау. Саясаты берік, іргетасы мықты мемлекет қашанда болашағын ойлайды, сол үшін де алға жоспарлар бекітіп, алдын-ала барлық жағдайға қамданып қояды, сондай дайындықтың бірі-әскери дайындық.

      Қазақстанның да өзіндік әскер-жасағы, бөлімшелері, қару-жарақ сақтайтын қоймалары, сарбаздары мен қорғаныс министрлігі бар. Бүкіл қорғаушылардың бастамасы-әскерден қанат қағып, әрмен қарай жұмысын жалғастырады. Бұл-заңдылық. Десе де, бүгінгі күннің әскер қатарына, әскери бөлімшелеріне қаншалықты көңіліміз толады? Отан қорғау мақсатында абыроймен әскерге аттанып, қыршыннан қиылып, қайта оралмаған жастар өліміне кімдер кінәлі? Баласының өлімінен кейін зар еңіреген ата-ана қалайша перзентін әскерге жібермек?! Өте ауыр, қиын, өкінішке қарай күнделікті Қазақстан әскерінде орын алып жатқан жағдай осы. Менің жеке пікірім, бұған кінәлі әскери өмірдің бұрыннан келе жатқан дәстүрлі, қолдан жасалған өзара ережесі мен ондағы жағдайдың психологиялық тұрғыда әскер қызметкерлерін алаңдатпауы. Ақша талап ету, қинау, зорлық-зомбылық көрсету, келемеждеу, жалпы айтқанда адам жанын құлазытып, төзуге қиын атмосфера қалыптастыру-жас жігіттерді өлімге итермелейді. Әрине, бес саусақ бірдей емес, десе де бүгінде қаншама ата-ана баласын әскерге сау күйінде жіберіп, не ауру, не үшті күйлі жоғалтып, ең сорақысы өлі күйінде үйіне алдыртатын жағдайлар да өте көп орын алуда. Бұның жауабын кімдер береді? Кінәліні табу мүмкін де емес сияқты. Дәл қазіргі сәтте мәселе осындай. Сарбаз өліміне кінәлі тарап не адам табылып, жазаланып жатқанын көргенім жоқ, тек қайғы жамылған отбасыға қаржылай көмек пен көңіл білдіруден басқа. Шешімін таппай келе жатқан бұл мәселеге әлі қанша ана көз жасын төгері беймәлім, белгілісі ата-ана сол әскерге баласын жіберуге қорқады және өз еркімен барғысы келетін жастар да жоқтың қасы. Бойларын алдында өлім,  не ащы әскери өмір күтіп тұратындай сезім кернейді.

        Қазақстанның болашағы батыр, ержүрек жалындаған патриот жастардың қолында! Қазақстан әскері мықты болсын десек, әскери өмірді мейлінше қарап, зерттеп, жағдай жасауымыз қажет. Адам өмірі қашанда маңызды. Өлім тіркелмейтін жағдай жасау қолымыздан келеді. Ендеше, өз қолымызбен болашағымыздың сағын сындырмай, «әскер» атты мықты жастар қатарын құрайық!



Бөлісу: