Аруақты айнадан көруге болады. Сенесіз бе?

Аруақты айнадан көруге болады. Сенесіз бе?
жеке
блог

Аруақты айнадан көру туралы (Үш анығында) Шәкәрім мынандай әңгіме келтірген.

«Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап, киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада көрініп, «көрдің бе, шеше, мен өлдім» деген. Ол баланың, шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай аманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да, қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен. Сіңлісі апам қайғырар деп хат салмайды».

Адам дүние салған соң оның рухы жақындарын аралап, белгі  береді. Олардың қайғырып қиналмауы үшін өзінің мүлдем жоғалып кетпегенін, оның басқа әлемдерде жүргенін сездіріп, туыстарының көңілін аулайды. Аруақ тұман тәрізді бейне ретінде ғана емес, оның бейнесі айнадан да көрінеді екен. Жоғалған адамды табу үшін, не болмаса осындай басқа да күрделі құбылыстарды білу үшін көріпкелдер айнаны көп пайдаланады.

PS. Тіпті, түнде ұйықтар алдында айнаның бетін бұл немесе шілдермен жауып қою керек деген ырым да осыдан шықса керек.

© "Жерұйық" порталы