Артық білімді кітаптан ізде!

Ең алғаш мектеп қабырғасына қадам жасағанда,бізге таңсық заттар көп болады. Дәліздер,қоңырау,ең алғашқы парта...Бірақ,бір ғана зат ыстық болуы мүмкін.Ол әрине-кітап. Кітап мына әлемдегі ең құнды дүние ғой,шіркін!

   Алайдa,білім іздеп,кітап оқып,кітаптың жеке әлемін екінің бірі сезіне алмас.Негізінен,шынту айтқанда,қоғамда кітап оқитын жастар өте аз.Ғылым іздеп,тілін дамытып,ықыласпен кітап бетін ашатындар күннен күнге азаюда... Кітапханаға ізденіп бара қалсам,сол жердегі кітапханашылар шаттанып,марқайып қалады.Сонда менің келгеніме сонша қуанғаны ма,әлде бір оқушы болсын келді-ау дегені ме? Осы бір ойлар мені қатты мазалайды.

   Технологиялар дамыған заманда жастардың көбі электронды түрде оқуы мүмкін.Алайды, өзім жас болсам да кітапты қолыма алып оқығанды жаным сүйеді.Түп нұсқада оқығанға ештеңе жетпейді ғой!

   Осы мәселенә зерттеп қарасам,қоғамда "кітап оқу" немесе "кітап оқып жүрген сияқты" болу брендке айналып бара жатыр екен.Демек, бұл нәрсе де құнсызданып бара жатқанын білдіреді емес пе?

   Дегенмен,қазіргі таңда кітапханалар өте қарқынды дамуда. Көптеген кітапханаларда кітап қоры өте мол.Барлығында тегін компьютерлер мен интернет желісі бар.Тіпті кітап алып кетуге құлшынысыңыз болмаса, элоктронды түрін табуға болатын арнайы кодтар тақтасы да бар.Мысалы,Шымкент қаласында "Абай" кітапханасы 1 наурыздан бастап 23:00-ге дейін жұмыс жасайтын болды.Бұның барлығы үлкен мүмкіндіктер ғой.

   Дәл осы мүмкіндіктерді неге "рухани жаңғыру" аясында пайдаланбасқа? Рухани жаңғырып,білім деңгейін нық ұстасақ,қоғам да,мемлекет те, экономика да құлдырамайтын болатындығына кәміл сенемін.Тәуелсіз Қазақ елін мәңгі етейік!



Бөлісу: