Арманым алдамасын десеңіз...

Арманым алдамасын десеңіз...
жеке
блог

Сіз өз армандарыңызға жету жолында қандай әрекеттер жасайсыз? Әрине алдымен сенім, адалдық пен имандылықты ұстану керек.Ал келесі кезекте менің жазбама көз жүгіртіп өтсеңіз артық етпес деп ойлаймын.Бұл айтқаным бәлкім сізге күдікті, мүмкін сенімсіз, әлбетте баланың ермегі сияқты болып көрінер.Алайда ол менің өз тәжірибемдегі, қолданыстағы дүнием. Қызық болса сіздерде осылай істеп көріңіздер. Ол үшін:

а) алдымен өзіңізбен бірге қағаз, қалам алып тыныш, ешкім бөгет жасамайтын бөлмеге кіріп алыңыз;

ә) Қағаздың басынан бастап, нөмірлеп отырып бір айлық, я бір жұмалық арман - мақсаттарыңыз бен қалауларыңызды жазып шығыңыз.(Ол ұялы телефон, арманыңыздағы көлік, тіпті жақсы жар табу да болуы мүмкін.)

б) Қағазды бірнеше рет бүктеп, сыртына аты- жөніңізді жазып қойыңыз.

в) Ешкім көрмейтін, жұрт көзіне түспейтін жерге тығып қойыңыз.

г) Орындалған армандарыңызды уақыт өте өшіріп отырыңыз.

ғ) Келесі қағазға суретін салуға болатын армандарыңыз болса салып қойып, бөлмеңізге жабыстырып,мүмкіндік болмаса бір жерге салып қойып күнде қарап отырыңыз.

   Бұндай әрекеттер сіздің арманыңызды жүзеге асуына септігін тигізіп, алға ұмтылуыңызға әрекет жасауға көмек етеді. "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең" сондықтан да армандарыңыз алдамасын десеңіз, біраз көңіл бөліңіз.